Қазақстан Елшісі Малайзияның Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді

2019 ж. 20 маусымда Малайзияның әкімшілік орталығы Путраджая қаласында Қазақстанның Елшісі Б.Иманбаев жергілікті Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік және Орта Азия елдері департамент директоры К.Ононмен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында дипломаттар екі жақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелерді талқылады. Сонымен қатар жоспарланған сапарлар мен халықаралық іс-шараларға қатысты пікір алмасу өтті.

Б.Иманбаев ҚР Президенті сайлауының нәтижелерімен ақпараттандырды және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі сауда-экономикалық серіктес болып табылатын Малайзиямен қарым-қатынастарды дамытуға үлкен маңыз беріп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол өзара мүдделі барлық салаларда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылығын білдірді.

Қосылған : 20.06.2019, 17:00, Өзгертілген : 20.06.2019, 17:10