Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

2019 ж. 10 маусымда Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев Малайзия Сыртқы істер министрлігінің Протокол басшысы Ван Заиди бин Ван Абдуллаға Сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.

Малайзиялық дипломат Елшіні дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, қызметіне табыс тілеп, Куала-Лумпурдың Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге үлкен мән беретінін аттап өтті.

Өз кезегінде, Б.Иманбаев Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен бастамаларымен таныстырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылының оң динамикасына назар аударды және ү.ж. 9 маусымда өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы ақпараттандырды.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың, оның ішінде жоспарланған сапарлар мен халықаралық іс-шараларға қатысты пікірлермен алмасты.

Қосылған : 10.06.2019, 16:50, Өзгертілген : 10.06.2019, 17:00