Елші

БОЛАТ БӘРИҰЛЫ ИМАНБАЕВ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАЛАЙЗИЯДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ

Туған күні: 31.01.1968

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

Мәскеу мемлекеттік университеті, М. Ломоносов (1985-1990 жж.);

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (2015-2017 жж.).


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде 1992 жылдан бері қызметте.

1992 - 1993 жж. аралығында - ҚР СІМ ТМД басқармасының референті.

1993 - 1995 жж. аралығында - Ақмола облысы әкімі аппаратының сыртқы экономикалық және аймақаралық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары.

1995 - 1997 жж. аралығында - Ақмола облысы бойынша Сыртқы экономикалық байланыстар Комитетінің төрағасы.

1997 - 1998 жж. аралығында - ҚР СІМ Ақмола қ. консулдық пункттің басшысы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің бірінші хатшысы.

1998 - 1999 жж. аралығында - ҚР СІМ Мемлекеттік протокол басқармасының Кеңесшісі, ҚР СІМ Министрінің кеңесшісі.

1999 - 2000 жж. аралығында - ҚР СІМ ТМД істері жөніндегі департаментінің басқармасының бастығы.

2000 - 2003 жж. аралығында - ҚР Литва Республикасындағы Елшілігінің Бірінші хатшысы, Кеңесшісі.

2003 - 2005 жж. аралығында - ҚР СІМ Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2005 - 2008 жж. аралығында - ҚР Германиядағы Елшілігінің Кеңесшісі, экономикалық бөлімнің бастығы.

01.2009 - 07.2009 ж. - ҚР СІМ көп жақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.

2009 - 2011 жж. аралығында - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2011 - 2014 жж. аралығында - ҚР Германиядағы Елшілігінің Кеңесшісі, саяси бөлімнің меңгерушісі.

2014-2017 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші – уәкіл лауазымында болған.

2017 ж. желтоқсан - 2019 ж. мамыр аралығында - Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтағы Бас консулы қызметін атқарған.

2019 жылдың 9 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 8.11.2016, 15:26