Қазақстандағы президенттік сайлау қарсаңында Куала-Лумпурда жетекші малайзиялық БАҚ-тармен «дөңгелек үстел» өтті

Ағымдағы жылдың 24 мамырда ҚР Малайзиядағы Елшілігінде Қазақстандағы алдағы президенттік сайлауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстандық дипломаттар Малайзияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін («Bernama», «Malay Mail», «The Star», «The Sun», «OIC Today» және т.б.) елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы, сондай-ақ елдегі президенттік сайлауға дайындық туралы хабардар етіп, еліміздің Конституциясының негізгі ережелері мен ҚР заңнамасы туралы, жоғары мемлекеттік лауазымға үміткерлерді тіркеу, байқаушылардың жұмысы, БАҚ-ты аккредиттеу және сайлау алдындағы үгіт жұмысын жүргізу туралы шарттарды түсіндірді.

Іс-шара барысында Қазақстан барлық халықаралық міндеттемелерді толығымен қолдайды және өзінің ұлттық мүдделері мен басымдықтарына сәйкес теңдестірілген, көпвекторлы және прагматикалық сыртқы және экономикалық саясатты жүргізуді жалғастыратыны атап өтілді.

Баспасөз брифингінің қорытындысы бойынша Малайзияның БАҚ-ы Қазақстанның алдағы сайлауына үлкен қызығушылық танытты және сайлаушылардың саны, шетелдік журналистерді тіркеу тәртібі, ҚР Президентінің кандидаттарын сайлау науқаны, сондай-ақ екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық перспективалары туралы және басқа да бірқатар сұрақтар қойды.

Қосылған : 24.05.2019, 18:35, Өзгертілген : 24.05.2019, 19:00