Малайзиялық «One Ocean» компаниясы Алматы облысы Қапшағай қаласында инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүдделі

2019 ж. 20 наурызында Куала-Лумпур қаласында ҚР Елшісі Д.Сарекеновтың «One Ocean» компаниясының бас атқарушы директоры Джозеф Лим Чонг Лингпен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында малайзиялық тарап Алматы облысының Қапшағай қаласында инвестициялық жобаны іске асыруға қатысуға компанияның жоспарлары туралы хабарлады. Ағын суларды тазарту қондырғыларын қайта жаңарту мен жаңғыртуды қамтитын жалпы инвестиция көлемі 15,5 млн. АҚШ долл. құрайды.

Лим Чонг Линг өз кезегінде компанияның артықшылығы ретінде Малайзияда және шет елдерде осыған ұқсас жобаларды жүзеге асырудағы табысты тәжірибелерімен бөлісіп, сондай-ақ суды өңдеу және тазарту кезінде жаңа технологияларды қолданудың тиімді кешенді шешімдері жайлы атап өтті. Қазіргі уақытта «One Ocean» компаниясының қызметкерлері ү.ж. мамыр айының басында Қапшағай қаласы әкімшілігінің қарауына ұсынылатын жобаның дизайнын дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кездесу қорытындысында, Елшілік тарапымен малайзиялық компания өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қажетті көмек көрсететіні жайлы келісімге қол жеткізілді.

Қосылған : 20.03.2019, 18:00, Өзгертілген : 20.03.2019, 18:30