​Мәдени-гуманитарлық қатынастар

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық

2018 жылдың 1-3 қазанда - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішев бастаған қазақстандық делегация Куала-Лумпурдағы Дүниежүзілік Онкологиялық Конгреске қатысты.

2018 жылдың 18 қазанда Малайзиядағы ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі «Pharmaniaga Bhd» дәрі-дәрмектер мен медициналық техниканың бірлескен өндірісін ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға келді.

2018 жылдың 24-25 қазанда Малайзия Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Астана қаласында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаһандық конференциясына қатысты.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық

2012 жылдың 17-18 сәуірде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға сапары шеңберінде Жоғары білім саласындағы Меморандумға қол қойылды. Аталған құжатқа сәйкес екі мемлекет арасындағы жоғары білім жөніндегі Бірлескен жұмыс тобы құрылған.

2013 жылдың 26 тамызда аталған жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Шара шеңберінде тараптар білім саласындағы ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда Малайзияның жоғары білім беру орындарында 1 мыңға жуық қазақстандық студент оқуда.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Малайзияның Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиеті орталығы бар. Жыл сайын Қазақ әдебиеті орталығының қоры Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігімен бірге коллекцияны толықтырылуда. 2018 жылы орталық қайта жаңғыртылып, жаңа жиһаздар сатып алынды.

Қазақстандық жасампаз ұжымдар жыл сайын Сабах штатында ұйымдастырылатын «Sabah International Folklore Festival» фестиваліне қатысуда.

Еліміздің «Astana Pro Team» кәсіби велосипедтік ұжымы «Le Tour De Langkawi» көпкүндік жарысына жүйелі түрде қатысып келеді.

2017 жылдың 10 шілдеде Астана қ. өткен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Малайзияның ұлттық күні еліміздің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтті.

2019 жылдың 27 ақпанда Куала-Лумпур қ. «Қазақстан Республикасындағы жаңа бизнес мүмкіндіктері» атты тақырыпта форум өткізді. Оған еліміздің Түркістан облысы әкімдігінің делегациясы қатысты. Сапар барысында Түркістан облысы әкімдігі мен «МАТТА» Малайзия туристік агенттіктер ассоциациясы арасында өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл келісім қазақстандық туристерді Малайзия мен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне кең көлемде таныстыруға жол ашпақ.

2019 жылдың екінші жартысында Куала-Лумпур қ. Малайзия Ұлттық мұражайында («Museum Negara») «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты көрмесі жоспарланған.

Қосылған : 30.03.2017, 15:30, Өзгертілген : 31.03.2017, 15:30