Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2019 жылдың 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау күні (жексенбі) сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін 115 Jalan Ampang Hilir, Kuala Lumpur қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігіндегі № 259 сайлау учаскесі ашық болады хабарлаймыз. Өзіңізбен бірге ҚР азаматының жарамды төлқұжаты болуы қажет (паспорт).

Сайлаушылар тізіміне* Малайзиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің жанындағы сайлау учаскелерi бойынша Малайзияда тұратын, ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген және жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік, сондай-ақ туристік сапарға келгенәрi Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi.

Сайлауға қатысатыныңыз және сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында ақпараттарды мүмкіндігінше үстіміздегі жылдың 30 сәуіріне дейін хабардар етуіңізді сұраймыз. Елшіліктің Консулдық бөлімі: +6 (03) 4251-07-28, +6 (011) 3938-81-21, e-mail: a.aubakirov@mfa.kz.

*Сайлау боларға дейін немесе болатын күні 18 жасқа толған сайлаушылар

Қосылған : 17.04.2019, 09:00, Өзгертілген : 17.04.2019, 10:30