ҚАЗАҚСТАН-МАЛАЙЗИЯ ҚАТЫНАСТАРЫ

Малайзия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1991 жылдың 31 желтоқсанда мойындады. Қазақстан мен Малайзия арасындағы диломатиялық қатынастар 1992 жылдың 16 наурызда орнатылды.

1996 жылдан бастап Куала-Лумпур қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі өз қызметін атқаруда. 2013 жылдың 29 тамызда Елбасының Жарлығымен – Сарекенов Данияр Қабидоллаұлы Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі болып тағайындалды.

Малайзияның Қазақстандағы Елшілігі 1996 жылдың желтоқсан айында ашылды. 2017 жылдың 21 ақпаннан бастап Малайзияның ҚР Елшісі болып Саид Мохамад Бакри Саид Абдул Рахман тағайындалды.

Саяси қатынастар

Мемлекет басшылығы деңгейіндегі сапарлар:

1996 жылдың 25-29 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға ресми сапары.

1996 жылдың 18-20 шілдеде Малайзияның Премьер-министрі М.Мохамадтың Қазақстанға сапар шекті.

1996 жылдың желтоқсан айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға қысқа мерзімді сапары өтті.

2003 жылдың 11-14 қыркүйекте Малайзияның Жоғарғы Билеушісі С.Сираджуддиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары.

2006 жылдың 25-27 маусымда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға мемлекеттік сапары.

2011 жылдың 5-7 маусымда Малайзияның Премьер-министрі Н.Разактың Қазақстанға ресми сапары.

2012 жылдың 17-18 сәуірде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға мемлекеттік сапары.

2014 жылдың 22-24 мамырда Малайзияның Премьер-министрі Н.Разактың Қазақстанға және VII Астана экономикалық форумы мен II Дүниежүзілік Антикризистік конференциясына қатысумен ұштастырылған ресми сапары.

Сапар нәтижесі бойынша тараптар Бірлескен мәлімдемені қабылдады. Аталған құжатта тараптар екіжақты ынтымақтастықты «жан-жақты деңгейге» дейін көтеруге келісті.

Сапар барысында әр-түрлі салаларды қамтитын жалпы сомасы 1 млрд. АҚШ долл. құрайтын Меморандумдарға қол қойылды.

Жоғары деңгейдегі сапарлар:

2011 жылдың 11-12 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Қазыхановтың Малайзияға сапары.

2011 жылдың 18-20 мамырда Малайзияның Сыртқы істер министрі А.Аманның Қазақстанға сапары.

2011 жылдың 28-30 маусымда Малайзияның Сыртқы істер министрі А.Аманның Астана қ. өткен 38-ші ИЫҰ Сыртқы Істер Министрлерінің отырысына қатысуы.

2012 жылдың 21-23 мамырда Малайзияның Туризм және мәдениет Министрі Н.Йеннің 6-шы АЭФ жұмысына қатысуы.

2015 жылдың 20-23 сәуірде Малайзияның Туризм және мәдениет Министрі М.Азиздің Қазақстанға жұмыс сапары. Сапар барысында малайзияның мемлекеттік туризм бойынша «Tourism Malaysia» агенттігінің Қазақстандағы ресми өкілдігінің салтанатты рәсімі өткізілді.

2015 жылдың 24-27 сәуірде Малайзия Сайлау комиссиясының Төрағасы А.Юсуфтың ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық байқаушы ретіндегі сапары.

2015 жылдың 12 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне еліміздің кандидатурасын ілгерілету бойынша ҚР Президентінің Арнайы өкілі – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Мусиновтың Малайзияға сапары.

2015 жылдың 27-31 тамызда Малайзия Федералдық сотының Төрағасы (Жоғарғы сот) А.Закарияның ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, гулдену» атты Халықаралық конференциясына қатысуы.

2016 жылдың 19-21 сәуірде Малайзия Сайлау комиссиясының Төрағасы Мохд Хашим Абдуланың ҚР Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына халықаралық байқаушы ретіндегі сапары.

2016 жылдың 23-26 мамырда Малайзияның Бас прокуроры М.Апандидің Қазақстанға сапары.

2017 жылдың 9-13 маусымда Малайзияның Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары Министрі М.Оңкилидің Қазақстанға сапары.

2017 жылдың 6-11 қыркүйекте Малайзияның ғылым, технология және инновация министрі У.Мадиус Тангаудың ғылым және техника бойынша ИКҰ-ның бірінші Саммитіне қатысу.

2018 жылдың 15-18 сәуірде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов және ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаровтың Малайзияға жұмыс сапарлары.

2018 жылдың 23-26 мамырда Малайзияның Бас прокуроры М.Апандидің Қазақстанға сапары.

2018 жылдың 10-11 қазанында Малайзияның азаматтық бірлігі және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Вэйза Мурси Поннусамидің - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысуы.

Парламентаралық ынтымақтастық

2013 жылдың 14-16 қазанда Малайзияның Сенат Президенті А.Ужанг бастаған делегацияның Қазақстанға ресми сапары.

Партияаралық ынтымақтастық

Еліміздің «Нұр-Отан» партиясының өкілдері жүйелі түрде Малайзия Бірлескен ұлттық ұйымы (UМNО) партиясының съезд жұмыстарына халықаралық қонақ ретінде қатысуда.

2017 жылдың 6-7 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қ.Жұмашев Куала-Лумпурдағы UМNО партиясының Бас Ассамблеясына қатысты.

Сыртқы істер министрліктерінің арасындағы консультациялары

2011 жылдың 28-30 маусымда 38-ші ИЫҰ СІМ Министрлер отырысы шеңберінде екі мемлекеттің Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен консультациялар өтті.

2017 жылдың 13 маусымда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Камалдинов пен Малайзия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Р.Ибрахим деңгейінде сыртқы саяси ведомствоаралық консультациялар өтті.

Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Малайзия арасында халықаралық ынтымақтастық сахнадағы сұрақтар бойынша ұстанымдары ұқсас (халықаралық лаңкестікпен және экстремизммен күрес, мұсылман әлемі және Батыс елдерімен диалогы және т.б.).

Астана мен Куала-Лумпур БҰҰ-ын реформалауды оның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің санын ұлғайтуды, сонымен бірге, ИЫҰ, ОШАМА және басқа да халықаралық мекемелердің аясында ынтымақтастықты жалғастыруда.

2006 жылы Малайзияның Премьер-министрі Махатхир Мохамад Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің съезіне қатысты. Съездің 5-ші мерейтойлық жұмысына (Астана қ., 2015 ж. 10-11 шілде) «Ұстамдылар күштерінің жаһандық қозғалысының» (ҰКЖҚ) Бас директоры С.Абдулла қатысты.

Бүгінгі күні Малайзия Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесте байқаушы мемлекет мәртебесіне ие.

Қосылған : 30.03.2017, 15:20, Өзгертілген : 31.03.2017, 15:20