Консулдық бөлімнің жұмыс кестесі

Консулдық бөлімде құжаттарды қабылдау уақыты сағат 08.30-дан 12.00-ге дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 14.30-ден 16.30-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.


Азаматтарды қабылдау ҚР Елшілігінің басшылығымен әр бейсенбі* 10:00-ден 11:00-ге дейін алдынала жазылу** тәртібімен жүзеге асырылады*. Қабылдауға жазылу үшін өзіңіздің толық аты-жөніңізді және сауалыңызды dksarekenov@gmail.com электрондық поштаға жіберуге немесе +6 03 4252 0728 нөміріне хабарлауға болады.

* - қазақстандық күнтізбе бойынша мереке күндерді санамағанда.

** - алдын ала жазылу бойынша сауалыңыз 2 жұмыс күндер алдында жолдануы тиіс.

Қосылған : 1.10.2018, 11:05, Өзгертілген : 1.10.2018, 11:05