Экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Тауар айналымының динамикасы: Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 478 млн. АҚШ долл. құрады (2017 жылы – 123,4 млн. АҚШ долл., 2016 жылы - 82,9 млн. АҚШ долл.). Тауар айналымының 99 пайызы малайзиялық экспорттан тұрады. Қазақстандық тауарларды экспорттау екі жақты сауда айналымының 73% (351,7 млн. АҚШ долл.), Малайзиялық импорт 27% (126,1 млн. АҚШ долл.) құрайды.

Қазақстандық экспорт құрылымы: мұнай, қара темірден жасалған өнімдер, геодезиялық және өлшеу аспаптары, құрал-саймандар және т.б.

Қазақстандық импорт құрылымы: электротехникалық тауарлар және электроника, құрал-саймандар және қосалқы заттар, пальма майы, майлайтын материалдар, резеңкеден жасалған бұйымдар, киім және жиһаз.

Қазақстан Ұлттық банкінің ақпараты бойынша, ел экономикасындағы Малайзияның ТШИ 2016 жылы 13,1 млн. АҚШ долл. құрады. 2017 жылы Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың таза ағымы 2,8 млн. АҚШ долл. құрады. 2018 жылдың 9 айында ТШИ 2,6 млн. АҚШ долл. құрады. Мұнай-газ саласына, құрылыс пен инфрақұрылымға ірі инвестициялар жасалды.

Екі-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың механизмдері:

Бірлескен Қазақстан-малайзия сауда-экономикалық комитеті 1996 ж. 27 мамырдағы Қазақстан мен Малайзия үкіметтері арасындағы Сауда келісімінің 10-бабына сәйкес құрылды. Комитеттің қазақстандық тараптан тең төрағасы ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі А.Жұмағалиев, малайзиялық тараптан – Халықаралық сауда және өндіріс министрі Д.Лейкинг болып табылады.

Комитеттің бірінші отырысы 1998 жылдың қараша айында Куала-Лумпурда, ал екінші отырысы 2012 жылдың 5-6 қарашада Астана қ. өткізілді. Қазіргі таңда тараптар үшінші отырысты өткізу мерзімдерін пысықтау үстінде.

2017 жылдың 4 мамырда Куала-Лумпур қаласында Бірлескен қазақстандық-малайзиялық сауда-экономикалық комитетінің 3-отырысы өткізілді.

2012 жылдың 17-18 сәуірде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға сапары шеңберінде Қазақстан-малайзия Іскерлік Кеңесін (ҚМІК) құру жөнінде келісімге қол қойылды. Аталған Кеңес екі мемлекеттің жеке компанияларына бизнес жүргізуге және олардың тауарларын одан әрі жылжытуға көмек көрсетеді.

Іскерлік кеңестің қазақстандық тараптан тең төрағасы – «BEKKER и K» ЖШС және «Saryarka-ENERGY» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, Халықаралық далалық хоккей федерациясының вице-президенті Б.Сексенбаев, малайзиялық тараптан - Датук Лу Джи (Малайзияның жасыл технологиялары, су ресурстары және энергетика министрлігінің бұрынғы Бас хатшысы).

2018 жылдың 30 қазанында Еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қ. ҚР Малайзиядағы Елшілігінің қолғабысымен Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесінің инаугурациялық отырысы өтті. Отырыс қорытындысында тараптар «ҚМІК» мен «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы», «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы» мен «Amanie Advisors» ислами қаржыландыру саласы бойынша малайзиялық консалтинг компаниясы арасында, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Малайзия туристік агенттіктерінің ассоциациясы» (МАТTА) арасында, «Nazarbayev University Research and Innovation System» мен «AccoBiоtech Sdn Bhd» компаниясы арасында Меморандумдарға қол қойылды.

Энергетикалық ынтымақтастық

2014 жылдың 22-24 мамырында Малайзия Премьер-министрі Н.Разактың ҚР-ға сапары барысында Маңғыстау облысының әкімшілігі мен «Markmore Energy Labuan Limited» компаниясы арасында метанол және сұйытылған табиғи газды өндіру бойынша зауыт құрылысы туралы келісімге қол қойылды (жалпы инвестиция көлемі 1 млрд. АҚШ долл.)

2016 жылдың қыркүйекте «HADID» инжинирингтік компаниясы аймақтағы өз қызметін жандандыру үшін әлеуетті инвесторларға инженерлік және консалтингтік қызмет көрсетуді ұсыну үшін Атырау қаласында өкілдігін ашты.

2016 жылдың желтоқсанда «Reach Energy» Қазақстан Республикасындағы (Маңғыстау облысы) мұнай-газ кен орнын игеру жобасының 60% ақциясын (154,9 млн. АҚШ долл.) сатып алды.

2017 жылдың 12 шілдеде «Reach Energy Berhad» және Маңғыстау облысының басшылығы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның ішінде Малайзиялық инфрақұрылымдық жобалар, электр энергиясы, су, құрылыс, мұнай және газ, туризм салаларынан тартылатын инвестициялардың жалпы құны шамамен 1 млрд. АҚШ долл.

2017 жылдың 5-7 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан-Малайзия энергетикалық форумы өтті.

2017 жылдың 7-8 қыркүйекте жергілікті «MPRC», «Reach Energy» және «HADID» компанияларының өкілдері XI Еуразиялық KAZENERGY форумына қатысты.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қ. 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «жасыл технология» саласындағы алдыңғы қатарлы малайзиялық «ITRAMAS Technology Sdn Bhd» компаниясы Қазақстан-Малайзия Іскерлік Кеңесінің (КМІК) қатысуымен қала әкімдігіне қаланы жарықтандыру үшін 100 жарықдиодтты (LED) шам сыйлады.

Ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастық

«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ және Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен Куала-Лумпур қ. «Halal Kazakhstan» «қолшатыр» бренді алғашқы рет «Halfest ASEAN 2017» мамандандырылған көрмесінде таныстырылды.

2017 жылдың 23-27 тамызда отандық өнім «АБАЯ» ЖШС, «Ордабасы Құс» ЖШС, «Еуразиан Фудс» АҚ және ««Астана Агропродукт» ЖШС өндірушілерімен қазақстандық павильонда ұсынылды.

2018 жылдың 4-8 сәуірде қазақстандық «Mozgum Group» компаниясының өкілдері Куала-Лумпурдағы «MIHAS-2018» көрмесінің өңірдегі ең ірі халықаралық көрмесіне қатысты.

2018 жылдың 30 қазанда қазақстандық «Halal Damu» ЖШС компаниясы Малайзияның Исламдық Дамуы Департаментінің (JAKIM) «Халал» сәйкестік сертификатын алды.

Банк және қаржы саласындағы қатынастар

2012 жылдың 4-6 шілдесі аралығында Қазақстанның Даму банкі 240 млн. малайзиялық ринггит мөлшерінде исламдық «аль-Мурабаха» сукук облигацияларының алғашқы шығарылымын сәтті таратылды.

2015 жылдың 12-14 қаңтары аралығында «MayBank Islamic» ірі малайзиялық ислам банкінің делегациясы Қазақстанға келді. Кездесу барысында ҚР ҰБ, Ұлттық экономика Министрі, сонымен қатар, қазақстандық екінші деңгейлі банктердің басшылықтарымен тәуелсіз сукук-облигацияларды орналастыру перспективалары және исламдық банкинг саласы бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

2015 жылғы 5 ақпанда – «MayBank Islamic» ұйымы Астана қаласында сукук-қаржыландыру негіздері жөнінде ҚР ҰБ қызметкерлері мен ҚР қаржы Министрлігіне презентация ұйымдастырды.

2015 жылдың 20-24 наурызы аралығында ҚР БҒМ экономика институты мен халықаралық білім беру ұйымдары арасында ( Малайзияның ұлттық Банкі тұсында құрылды, штаб пәтері Куала-Лумпур қаласында) исламдық қаржыландыру саласы бойынша кадрлар дайындау туралы «Finance Accreditation Agency» өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.

Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы қатынастар

2015 жылдың 7-9 қаңтары аралығында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ делегациясы Куала-Лумпур қаласына жылдамдыққа арналған автожолдар жүйесін дамыту тәжірибесін зерделеуге және ҚР-да сәйкес технологияларды қолдану перспективаларын талқылауға жұмыс сапарын жасады.

2016 жылдың 20-24 маусымы аралығында Куала-Лумпур қаласына «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары М. Жүйріктаев бастаған ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының жұмыс сапары орын алды.

2016 жылдың 15-19 тамызы аралығында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің Басқарма Төрағасы М.Пшембаевтің және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Департамент директоры Т. Абдуллиннің сапары болып өтті.

2016 жылғы 28 қарашада Куала-Лумпур қаласында жергілікті жетекші экспорттаушылар мен көлік компаниялары үшін «ҚТЖ Экспресс» АҚ мульти модальды компаниясының өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктері және бірлескен қазақстандық-қытайлық Ляньюньган портының мүмкіндіктерінің тұсаукесері өтті.

Қарағандыда малайзиялық астананың қатысуымен «Карцемент» АҚ цемент зауыты жұмыс істейді. Жобаның жалпы құны 105 млн. АҚШ долл. құрады.

Көлік саласындағы қатынастар

2009 жылдың қазан айынан бастап «AirAstana» әуекомпаниясы Алматы-Куала-Лумпур-Алматы бағыты бойынша аптасына үш рет әуе қатынасты орындайды.

2016 жылдың желтоқсанда «AirAstana» әуе авиакомпаниясы өзінің аймақтық кеңсесін Бангкок қаласынан Куала-Лумпурға ауыстырды.

Қосылған : 30.03.2017, 15:45, Өзгертілген : 31.03.2017, 15:45