Шарттық негізі

Мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер:

ҚР Үкіметі мен Малайзия Үкіметі арасындағы экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық туралы келісім;

ҚР Үкіметі мен Малайзия Үкіметі арасындағы сауда келісімдері;

ҚР Үкіметі мен Малайзия Үкіметі арасындағы инвестицияны кеңейту және қорғау туралы келісім;

ҚР Үкіметі мен Малайзия Үкіметі арасындағы әуе қатынастары жөніндегі келісім;

ҚР Үкіметі мен Малайзия Үкіметі арасындағы екі қайтара салық төлеуден құтылу және капитал мен кіріске қатысты салық төлемдерін уақытылы төлемеу оқиғаларын болдырмау жөніндегі келісім;

ҚР Үкіметі мен Малайзия Үкіметі арасындағы жоғары білім беру саласындағы өзара түсінік және ынтымақтастық меморандумы;

ҚР Үкіметі мен Малайзия Үкіметі арасындағы минералық ресурстарды игеру саласындағы өзара түсінік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандум;

ҚР Үкіметі мен Малайзия Үкіметі арасындағы туризм саласындағы өзара түсінік меморандумы.

Ведомстваралық келісімдер:

ҚР Ұлттық банкі мен Малайзия Ұлттық банкі арасындағы өзара түсінік меморандумы;

Шағын бизнесті қолдану жөніндегі ҚР Агенттігі мен Малайзияның шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі Корпорациясы арасындағы өзара түсінік меморандумы;

ҚР Үкіметі мен Малайзия Үкіметі арасындағы әуе қатынасын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық пен өзара келісім меморандумы;

ҚР БП мен Малайзия БП арасындағы өзара түсінік меморандумы.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50