Қазақстан мен Иран СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 5 қаңтарда Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесті.

Иран СІМ басшысы Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуал туралы хабардар етті.

Министр М. Тілеуберді өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді. Ол барлық тараптарды шиеленістің одан әрі ушығуын болдырмау үшін ұстамдылық танытуға және жанжалды шешудің саяси-дипломатиялық жолдарын іздеуге шақырды.

Қосылған : 5.01.2020, 10:50, Өзгертілген : 5.01.2020, 10:50