Макао туралы ақпарат

Ресми атауы:

Қытай Халық Республикасы Макао әкімшілік ауданы ( ҚХР Макао АӘА )

Ресми тіл:

Қытай (кантон) және португал тілдері. Жуырдан бастап путунхуа (Қытайдың мемлекеттік тілі) маңыздылығы мен қолданылуы артуда

Аумағы:

28,2 км²

Халық саны:

644,9 мың адам (2016 жылға арналған деректер)

Уақыты:

Жергілікті уақыты +8 UTC. Астана мен Макао арасындағы уақыт айырмасы +2 сағат

Мереке және демалыс күндер:

1 қаңтар - Жаңа жыл

Көктем фестивалі 3 күн (Қытайлық күнтізбеде Жаңа жыл демалыс күнінің басталу күні, әдетте, қаңтардың аяғында немесе ақпан айының ортасында басталады).

1 мамыр - Еңбек күні

1 қазан - Қытай Халық Республикасы құрылған күні

20 желтоқсан - Макао АӘА күні

Макаода кей дәстүрлі қытай мерекелері ай күнтізбімен айқындалады (Әр жыл сайын Үкіметінің сайтында жарияланады)

Валюта:

Патака (US $ 1 = 7.99 патака, 2016). Жергілікті валютамен қатар, Гонконг долларлары айналыста қолданылады.

Климат:

Макао климаты ылғалды субтропикалық болып табылады. Орташа ауа ылғалдылығы 75-95% және орташа жылдық ауа температурасы шамамен 22 градус құрайды. Шілде айы жылдың ең жылы айы болып табылады, орташа ауа температура шамамен 28,6 градусты құрайды. Қаңтар - ең суық ай, орташа температура 14,5 градус. Жаңбырлы маусым сәуірден қыркүйекке дейін созылады.

Қазақстанмен көлік қатынасы:

Алматы мен Гонконг арасындағы «Эйр Астана» әуекомпаниясы аптасына екі рет (әр сейсенбі мен жұма күндері) екі рейс жасайды. Көрсетілген рейстердің келуіне ыңғайлы Гонконгтан Макаоға пароммен немесе тікұшақпен жетуге болады.

1) Паром (Гонконг - Макао) - ең танымал және қолжетімді көлік түрі. Гонконгтан Макаоға үш жерден паромға мінуге болады. Ең қолданыстысы Macau Ferry Terminal - Гонконг аралында (Sheung Wan метро станциясында орналасқан), Kowloon түбегінде - China FerryTerminal (Tsim Sha Tsui ауданында), сондай-ақ, халықаралық әуежайында тағы біреуі орналасқан. Гонконгтан паромдар шамамен әрбір 15 минут (түнде жиірек ) жүреді, жол жүру уақыты - 1 сағат, құны - HK $ 150-400 (әр түрлі класқа байланысты).

2) тікұшақ (Гонконг - Макао). Жол жүру уақыты 15-20 минут, құны - 2700 Гонконг долларынан шамасында

Кіріс, Гонконгта болу және транзиттік өтуі шарттары:

Visa мәселелері:

Қазақстан азаматтары Макаоға 30 күнге дейін (әуежайда, теңіз портында немесе жаяу өтуі шекарасында) виза ала алады.

Паспорттық бақылаудан өту кезінде келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- үшінші елге (әуе, паромдық, автобус) қайту авиабилеті немесе паром билеттері

Кейде шекарашылар қонақ үйді брондауды талап етеді (онлайн-брондау жүйесінен шығару жеткілікті) немесе Макао қаласындағы болуға қаражат жеткілікті екенін расталуы

Визалық төлем құны - 100 патака (12 жасқа дейінгі балалар үшін - 50 патака). Төлем ақшамен ғана қабылданады. Сондай-ақ, Гонконг долларымен визалық ақы төлеуге болады.

Паспорттың жарамдылығы:

Макаоға кіру кезінде Қазақстан азаматының паспортының жарамдылық мерзімі 30 күннен кем болмауы тиіс..

Кедендік бақылау:

18 жасқа жеткен шетел азаматтары 19 дана темекі шылымын аспайтын немесе 25 грамм салмағы мөлшерінде сигара немесе табак өткізуіне, 30%-дан астайтын 1 литр алкоголь өнімдерін импорттауға рұқсат етіледі. спирт беріктігін 1 литр импорттау мүмкіндік берді. Макаода қару-жарақтар (оның ішінде электр тоқ соққыш, телескоптық таяқшалар, газдық баллондар және т.б.) әкелуге тыйым салынады.

Кедендік бақылаудан өту кезінде мынадай тауарлар кіріс декларациясынан өтуі керек:

- 5000 патакадан асатын коммерциялық мақсатта әкелінген тауарлар;

- рұқсат талап етілетін импорт тауарлары (толық тізімі Макао Кеден қызметінің ресми веб-сайтында қол жетімді);

- санитарлық карантинге жатқызылған тауарлар;

- салық салынатын тауарлар;

- импорттық және экспорттау алдында.алдын-ала келісім керек тауарлар (флора мен фаунаның жойылып бара жатқан түрлерінің) жатады;

Саяхат қауіпсіздігі мәселелері:

Террорлық қатерлер:

Қытай Макао АӘА этникалық және діни қақтығыстар, экстремистік ұйымдардың қауіпі төмен деп болжауға негіз береді. Гонконгтағы қауіпсіздік бюросы террористік шабуылдың қауіп-қатерін «төмен» деп бағалайды.

Қылмыс:

Макаодағы криминологиялық жағдай өте тыныш. Макаоға келген туристер өз құжаттары мен заттарын бақылауға алуы ескертіледі. Сонымен қатар, рұқсатсыз ұйымдастырылған митингтер мен наразылық пикеттер орындарына бармауға кеңес беріледі.

Елдің түрлі аймақтарына бару:

Макаодағы туристерге арналған жабық жерлер жоқ.

Құқық қорғау органдары ұсталған жағдайдағы әрекеттер:

Егер де құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ұсталған немесе қамауға алған кезде қарсылық көрсетпеңіз, себебі, ол жағдайды шиеленістіріп және дене күші немесе қаруды пайдалануға итермелеуі мүмкін. Жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен түсіністіру, сондай-ақ адвокаттың немесе сенімхат болмаған шет тілінде кез келген хаттамалар мен басқа да құжаттарға қол қоймауыңыз сұралады. Ұсталған адам консулдық мекемесіне қамау фактісі туралы дереу хабардар етуге құқылы. Азаматтың ұсталғаны туралы жергілікті құзыретті органдарынан ақпарат консулдық мекемесіне түскен сәттен бастап консулдық және құқықтық көмек көрсету механизмі басталады.

Жол қозғалысы:

Ерекшеліктер:

Гонконгта сол жақтық жүргізу қабылданған.

Жанармайдың негізгі түрлері:

Бензин, газ, электр энергиясы. 1 литр бензиннің орташа құны 11-19 патака.

Тұрақ орындарының болуы:

Автотұрақ бағасы орналасқан жерге байланысты сағатына 10- 60 патака шамасында

Міндетті сақтандыру полисін алу тәртібі:

Үшінші тараптың азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне тарту үшін автокөлік жүргізуші міндетті түрде сақтандыру полисін алуы талап етіледі.

Қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Қазақстандық жүргізуші куәлігі Гонконгта жарамсыз. Сондықтан, Көлік Департаментінде жергілікті тиісті емтихандарды тапсырағаннан кейін Гонконг жүргізу көлігін алуға болады.

Автокөлікті сақтандыру:

Автокөлікті сақтандыру автомобиль иесінің өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Көлік құралдарын жалға алу:

Гонконгтағы қозғалыс төтенше және күрделі болып табылғандықтан автокөліктерді табу қиындықтары бар, әдетте көлікті жалға алу өте қымбат және қолайсыз. Көбіне қоғамдық көлікпен қала бойынша саяхаттау ыңғайлы болып табылады.

Көлік апаты жағдайында:

Сақтандыру агенті мен 999 телефоны арқылы құтқару қызметіне қоңырау шалу ұсынылады.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Тұрақты мінез-құлық нормалары:

Макао - азиялық Лас-Вегас деп саналады. Жергілікті мәдениеттің барлық элементтері Португалия, Қытай және Британ дәстүрлерінің түйісуінен қалыптасқан. Макао тұрғындарының басым көпшілігі байсалды, сыпайы, жинақы және тәртіпті заңға сай қадағалайды. Макаода көшеде және қоғамдық орындарда жол ережелерін бұзуға жол берілмейді, адамдар кезекте тұруға, тазалық пен тәртіпті сақтауға, санитарлық нормаларды сақтауға тырысады. Қоғамдық орындарда темекі шегу жалпыға бірдей тыйым салынған, осы мақсаттар үшін арнайы орындар босатылған. Заң бұзушылықтар үшін үлкен айыппұлдар қарастырылған.

Әр түрлі қылмыстар үшін айыппұлдар:

Макаода уақыт өткізу және жұмыс істеу ережелерін бұзу шетелдік азаматтардың Макао заңнамасын сақтамауы ең жиі кездесетін құқықбұзушылық болып табылады. Макаода мерзімі өткен виза үшін қатаң айыппұл, кей жағдайларды қамауға алыну немесе депортациялау және ұзақ мерзімге елге кіруге тыйым салынуы мүмкін.

Отбасы құқығы:

Некені жою туралы сот шешімдері барлық мән-жайларды ескере отырып әр жағдайда жеке қабылданады.

Елдің аумағында шетелдіктердің мүлікті сатып алу туралы жергілікті заңнамасы:

Шетел азаматтары Гонконг аумағында жылжымайтын мүлік сатып алуға құқылы және де тиісті рәсімдер лицензияланған жылжымайтын мүлік компанияларымен жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлікті сатып алу тұруға рұқсатты немесе азаматтығын бермейді.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қауіп төндіретін аурулар немесе типтік аурулар:

Макаода денсаулық жағдайы қанағаттанарлықтай саналады.

Медициналық көмектің ерекшеліктері:

Медициналық көмек үшін Граф С. Дженнаро (мемлекеттік) ауруханасы, Киан У ауруханасы (жеке үлкен аурухана) және Ғылым және технология университетінің ауруханасына баруға болады. Сонымен қатар, Макаода көптеген жеке клиникалар мен қытайлық медицина орталықтары бар.

Вакцинация:

Макаоға келер алдында арнайы егілу талап етілмейді, бірақ А, В гепатитіне қарсы вакцинациялау ұсынылады.

Медициналық сақтандыру:

Гонконгта барлық ірі халықаралық сақтандыру компанияларының сақтандыру полистерімен қолдануға болады.

Шұғыл медициналық көмек:

Төтенше жағдай телефоны - 999.

Шұғыл ветеринарлық көмек:

Ветеринарлық тәулік бойы қызмет көрсету: Green Cross Vet Hospital Macau. Мекен-жайы: Edificio Long Yeng, 32A Av. де Сидонио Паис, Макао. Тел .: (+853) 2883 7050

Қосымша ақпарат:

Іскерлік орта:

Макао АӘА - ойын-сауық саласы дамыған ірі қаржы орталығы саналатын ашық порт. Әкімшілік ауданда 30-дан астам казино бар, оның ішінде ең танымалдары «The Venetian», «Grand Lisboa» и «Galaxy». 2002 жылы құмар ойындар саласының дамыған сәтінен бастап Макао шетелдік инвестицияларды тартуда. Курорттық, ойын-сауық және инфрақұрылымдық жобалар Макаоды әлемдегі жетекші туристік бағыттардың біріне айналды.

Макаодағы салық жүйесі аумақтық болып табылады және пайдаға салынатын салық Макао аумағында туындайтын немесе алынған кірістерден (қосымша салық ретінде Макаода көрсетілген) төленеді. Макаодағы қосымша құн салығы жоқ.

Макао компаниялары үшін көптеген қаржылық және салық жеңілдіктері бар. Жеңіл және экологиялық таза өндірістерді жүзеге асыратын кәсіпорындар құру қолдауға ие болады. Сонымен қатар, индустриалды мүмкіндіктерін жаңғыртуға және өнеркәсіптік секторды әртараптандыруға ықпал ететін іс-шараларға басымдық беріледі. Артықшылықтар қатарына, салықтардан толықтай босатылуы мүмкін (оффшорлық кәсіпорындар) немесе әр түрлі салықтарды 50% -ға дейін төмендетуі.

Макаода валюталық бақылау жоқ, бірақ барлық экспорттан түсетін табыстың 40% -ы ұлттық валютада болуы тиіс (яғни, ақша қаражатын алу кезінде банк дереу оларды ауыстарады).

Пайдалы телефондар:

Макао коды - 853;

Құтқару қызметі (жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі, полиция) - 999;

Макао халықаралық әуежайы - 2886 1111.

Қосылған : 1.01.2016, 09:00, Өзгертілген : 1.01.2016, 09:00