Қазақстанның Елшісі Нидерландтың Сыртқы істер министрімен кездесті

8 маусымда Қазақстанның Елшісі Мағжан Ілиясовтың Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Берт Кундерспен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделігін қуаттады. Дипломатиялық қатынастарға 25 жыл қарсаңында екі ел арасындағы орнаған ең жоғарғы деңгейдегі қарқынды сапар алмасу негізіндегі берік саяси диалог, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық тұрғысынан жан-жақты қарым-қатынасты тереңдетуге бағытталған өзара талпыныс атап көрсетілді.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» стратегиялық бағдарламасы мен Қазақстанның «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысуы екіжақты инновациялық-технологиялық ынтымақтастықты ұлғайтуға кең мүмкіншіліктерді ашуда. Тараптардың ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын ҚР-НК Іскерлік кеңесінің 3-ші отырысы мен "ЭКСПО-2017" көрмесінде Нидерланд күнінің ресми ашылуына (21-22 маусым) қатысуға баратын құрамына жетекші голландтық компаниялар кірген Нидерланд экономика министрі Хенк Камп бастаған голланд делегациясының Астанаға сапары растауда.

Тараптар өзекті және өзара қызығушылыққа ие сыртқысаяси басымдықтар, оның ішінде екі елдің 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі шеңберіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Нидерланд СІМ Басшысы өзара тығыз әрекеттесуге дайындығын жеткізіп, екі елдің халықаралық қауіпсіздікті және бітімгершілікті нығайту мәселесіндегі ұстанымдардың ұқсастығын атап өтті. Сириялық дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздер үдерісінің табысты алаңы ретіндегі Астананың ерекше үлесі атап өтілді.

М. Ілиясов голланд министрін Қазақстанда жүзеге асудағы модернизациялық реформалар туралы хабардар етіп, 29 тамызда өтетін Ядролық қаруға қарсы халықаралық күн аясында жоспарланған іс-шараларға қатысуға шақыру хатын тапсырды.

«Дипломатиялық қатынастардың 25 жылы ішінде елдер арасында сенімді және сындарлы байланыстар орнатылды. Нидерланд Қазақстанмен саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге толықтай мүдделік білдіруде», - деп атап өтті Б. Кундерс. Сонымен қатар, Нидерландтың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысуы екі ел арасындағы өзара тиімі ықпалдастыққа жаңа қарқын беретііне сенім білдірді.

Қосылған : 8.06.2017, 18:45, Өзгертілген : 8.06.2017, 18:45