ТТҚ сұрақтары

Уақытша сапарға шығып, Нидерланд Корольдігінде тұрақты тұрып қалуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған

АҚПАРАТ

Еліміздің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан жеке шаруаларымен шығып, сол жерде тұрақты тұрып қалуға ниет білдіргендер ҚР құзыретті органдарынан тиісті рұқсат алу үшін құжаттарын ҚР шетелдік мекемелеріне тапсырулары қажет.
Нидерланд Корольдігінде ТТҚ-ға құжаттарды тапсыру үшін Сізге келесі құжаттар тізімін екі данада тапсыру керек:
1. Консулдың атына Нидерланд Корольдігінде тұрақты тұруға қалдыру туралы еркін нысанда өтініш;
2. Шетелдік паспорттың түпнұсқасы және өзекті ақпараттары бар беттерінің көшірмесі - 3 дана;
3. ҚР азаматының жеке куәлігінің түпнұсқасы ЖСН-мен бірге немесе осы құжат тиісті органдарға өткізілгендігі туралы анықтама - 3 дана;
Егер Еліміздің азаматының жеке куәлігі жоғалып немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен болса, өтініш білдіруші жазбаша түрде түсініктеме беру қажет.

4. Әскери билеттің түпнұқасы және көшірмесі немесе осы құжат тиісті
органдарға өткізілгендігі туралы анықтама - 3 дана;
5. Еңбек кітапшасының түпнұсқасы және көшірмесі - 3 дана;
6. Толтырылған сауалнама көшірмесімен бірге (сауалнаманы толтыру
барысында жақын туыстарыңыздың деректерін толық көрсету қажет (шешесі, әкесі, аға-інісі, әпке-сіңілісі, жұбайы, сондай-ақ неке айырылысқан болса да), олардың Қазақстандағы, сонымен қатар шетелдегі мекенжайлары, Қазақстаннан шыққан күні) - 3 дана;
7. Сізге Нидерланд Корольдгінде тұрақты тұруға құқық беретін болмыш мемлекеттің құзыретті органдары берген тұрақты тұру рұқсатының түпнұсқасы және қазақ және орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы – 3 дана;
8. Заң бойынша Сізден алимент алуға құқылы Қазақстан Республикасында тұратын тұлғалардан Сіздің шығуыңызға қарсылықтары жоқ екендігі жөніндегі нотариалды түрде куәландырылған өтініштері (ата-анаңыздың немесе егер бірлескен некеден кәмілетке толмаған балалары болса, бұрынғы жұбайыңыздың/зайыбыңыздың және т.б.). Өтініш білдіруші қандай да бір себебтермен мұндай өтінішті ала алмаса, бұл сұрақ сот арқылы шешіледі немесе қосымша қайтыс болу туралы куәліктің түпнұсқасын 3 дана көшірмесімен бірге тапсыру қажет;
9. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматын ата-анасының біреуімен бірге қалдыру барысында (қамқоршы, тәрбиеші) ҚР аумағында тұратын басқа ата-анасының нотариалды түрде куәландырылған келісімі қажет. Кәмілетке толмаған баланың шығуына қатысты ата-анасының біреунің келісімі болмаған жағдайда, бұл сот арқылы шешіледі. Соттың шешімін куәландырыу қажет. Қосымша некені бұзу туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін немесе қайтыс болу туралы куәліктің түпнұсқасын 3 дана көшірмесімен бірге тапсыру қажет;
10. Егер ата-анасының біреуі ТМД аумағында болып, Сізбен бірге кәмілеттік жасқа толмаған балалар қалған болса, онда баланың Нидерланд Корольдігінде тұруына жазбаша түрде оның келісімін тапсыру қажет, егер бала 10 жастан үлкен болса, оныңда куәландырылған жазбаша келісімі қажет. Егер ата-анасының біреуінің келісімін алу мүмкін болмаса, оның себебін жеке өтініште толық көрсету қажет. Сондай-ақ балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқасын және 3 дана көшірмесімен бірге тапсыру қажет;
11. Сіздің туу туралы куәлігіңіздің түпнұсқасы және көшірмесі - 3 дана;
12. Неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы және 3 дана көшірмесі. Аталған құжатты голландық құзыретті мекемелер ресімдеген жағдайда, «Apostille» мөртаңбасы, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы 3 дана болуы міндетті;

13. Аталған мемлекеттік қызмет үшін төленген 120 евро мөлшердегі Елшіліктің есеп шотына;

THE EMBASSY OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN:

ACCOUNT NR: 54.65.49.152

BIC/SWIFT CODE: ABNANL2A

IBAN: NL67ABNA0546549152

BANK: ABN AMBRO N.V.

ADDRESS: Nieuwe Parklaan 69,

2597 LB DEN HAAG, THE NETHERLANDS аударылған Консулдық алым түбіртегінің түпнұсқасы.

Қажет болған жағдайда Консулдық бөлім Сізден қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.

Назар аударыңыз! 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 554-бабының 2 бөлімі, 7-тармағына сәйкес, төленген консулдық алымдар қайтарылмайды. Консулдық алым қате немесе артық аударылған қаражатты қайтару бойынша өтініштер, сондай-ақ осы мәселе бойынша шағымдар қарастырылмайды.


Қосылған : 17.04.2017, 09:40, Өзгертілген : 4.02.2019, 10:00