Гаага қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі Нидерландтағы қоныстанған қазақстандық қоғамдастық өкілдері үшін «Ашық есік күнін» өткізді

2018 жылғы 28 сәуірде Гаага қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі Нидерландтағы қоныстанған қазақстандық қоғамдастық өкілдері үшін «Ашық есік күнін» өткізді.

Кездесу барысында отандастарымызға Елбасы ұсынған бастамалары туралы бірқатар деректі фильмдер көрсетілді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы «Рухани жаңғыру» және «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа тақырыптарына арналды.

Іс-шараға қатысушылар Елшілік өкілдерімен жан-жақты талқылау барысында Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің оң үрдісін атап өтті.

Арнайы шақырылған қонақтар үшін Елшілік ғимараты ішінде экскурсия жүргізіліп, оның барысында дипломатиялық миссияның және консулдық бөлімінің жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, консулдық бөлімнің жұмысымен танысу барысында азаматтарымыздың шетелдегі құқықтар мен мүдделерін қорғау жөніндегі қатысты сұрақтарға толықтай жауап алды. Сонымен қатар, консулдық есепке алу/шығу, азаматтық хал актілерін тіркеу, ҚР паспортын ресімдеу және т.б. консулдық қызметтімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарымен регламенттерімен таныстырылды.

Елшілік қызметкерлері отандастарымызға іс-шараға белсенді қатысқандары үшін және елшіліктің жұмысына қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдіре отырып, Нидерландтағы қатарлы университеттер мен халықаралық компаниялар жұмыс істеп және оқып қоныстанған Қазақстандық талантты жастардың білімдері мен дағдыларын бағалағандарын атап өтті.

Іс-шараның аясында отандастарымыз Нидерландтағы алған білімдері мен тәжірибелерін Қазақстанға оралғаннан кейін Елімізде қолданатындарын атап өтіп, келешекте осындай іс-шараларды жиі түрде өткізуге ұсыныс білдірді.

Қосылған : 3.05.2018, 12:30, Өзгертілген : 3.05.2018, 12:30