Голландиялық Роттердам портында қазақстандық буксирлерді суға түсіру бойынша салтанатты рәсімі өтті

2018 ж. 22 мамырда Роттердам теңіз портында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде кейіннен пайдалануға арналған қазақстандық «Caspian Offshore Construction» компаниясының тапсырысы бойынша голландтық «De Hoop International Lobith» кеме жасайтын зауытта жасалған «Райымбек батыр» және «Наурызбай батыр» мұз классты буксилердің суға түсіру бойынша салтанатты рәсімі өтті. Теңіз буксирлері қазақстандық туы астында Роттердам порты арқылы Каспий теңізіне Ресей Федерациясының ішкі су жолдарымен қазақстандық Баутино портына дейін жүзеді.

Нидерландтық компаниясы белгілі қазақ жауынгерлердің атындағы алты теңіз буксирлерді, олардың ішінде «Қабанбай батыр», «Қарасай батыр», «Бөгенбай батыр» және «Өтеген батыр» атты кемелерді жинады.

Теңіз кемелері Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Прорва түбегінің аясында кеме арнасы арқылы ірі жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын болады, ол Теңізшевройлдың үшінші зауытының құрылысына арналған, болашақ кеңейту жобасы деп аталатын, бұл қазақстандық мұнай-газ өнеркәсібі үшін әлемдегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болады. Сарапшылардың айтуынша, зауыт аяқталған соң, 2022 жылдан бастап мұнай өндіруі жылына 10 млн. тоннаға дейін өседі.

Қазіргі таңда, теңіз арнасын тексеру және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатқан нидерландтық Van Oord компаниясы, сондай-ақ, кеме арнаның жобасын дайындаған голландиялық Witteveen + Bos Caspian компаниясы болды.

Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Мағжан Ілиясовтың айтуынша, «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін ігеру үшін «Caspian Offshore Construction» компаниясы паркінің кеңейтуіне зор рөлін атқарады. Теңіз буксирлерімен және кеме жүзетін арнасы арқылы жүктерді тасымалдау уақытын айтарлықтай азайтуға болады, өйткені жоба теңіз буксирлерге Ақтау, Баутино және Атырау өзен портттарды айналып өтуге, басқа бағыттарды пайдалануға мүмкіндік береді».

Іс-шараға Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігінің, жобаның командасы және Қазақстан мен Нидерландтық тарапынан бизнес-серіктестердің 60-тан астам компаниялардың өкілдері қатысты.

***

1889 жылы негізі қаланған голландиялық De Hoop International Lobith кемесі Нидерландыдағы ең ескі кеме жасау компаниясы. Бүгінгі таңда голландиялық кеме жасау өнеркәсібінде 100 миллион еуро жылдық айналымымен жетекші орын алады. Орташа алғанда, жылда 5-тен 9-ға дейін кемелерді әртүрлі күрделік деңгейінде жинайды. Оның арсеналында кеме жасау үшін үш кеме көтеретін док бар, олардың біреуі елдегі ең үлкен болып табылады.

Қосылған : 22.05.2018, 17:35, Өзгертілген : 22.05.2018, 17:35