Гаагада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды

Қазақстандағы маңызды модернизациялық үдерістерді түсіндіру және ү.ж. маусымда Астанада өткен V Дүниежүзілік қазақтар құрылтайының қорытындыларын талқылау мақсатында, ү.ж. 2 тамызда Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігінде жергілікті қазақ диаспорасының басшылығымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Елшілік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі ережелерімен диаспораның өкілдерін таныстырып, мақалада ескертілген бастамалар мемлекеттің жанжақты дамуына арналған Елбасының стратегиялық зерттемелерінің жалғасы деп көрсетті.

Одан әрі кездесу қатысушыларына ұлттық сана, тілді дамыту мен халықаралық қатынастарды нығайтуға қатысты бірқатар сұрақтарға толық жауап беретін деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстандағы жалпы ұлттық отансүйгіштікті тәрбиелеуге арналған «Туған жер» жоба басталғаны ескертілді.

Нидерланд Патшалығындағы қазақ диаспорасының төрағасы Абдукелам Узунның айтуынша: «Біз және Нидерландыда туған біздің балалар үшін осы үдеріс өз қисындығын тудыруда. Латын әліпбиін қабылдауы бізге тарихи Отанмен берік байланысты сезуге және қазақ тілін әлемдік стандарттарға сәйкес оқулықтар арқылы үйренуге мүмкіндік береді. Біз Елбасының мақаласында көрсетілген әлемнің 100 үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару мақсатының орындалуын ерекше жігермен күтудеміз. Елшілікке осындай іс-шара ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіре, Қазақстан алдына қойған мақсаттарға жете беруін тілейміз».

Қосылған : 3.08.2017, 12:35, Өзгертілген : 3.08.2017, 12:35