Әйгілі голландтық телешоудың түсірілімі Алматыда өтті

2018 жылдың қаңтар айында, Голландияның «NPO1» жетекші арнасында «De Mol» (Көртышқан) атты мәдени-танымдық қызық оқиғалы квестінің көптен күткен бірінші көрсетілімінің тұсаукесері болды. Бағдарлама сенбілік кешқұрым уақытта, 2000 жылдан бері теледидардан көрсетіліп, оның Нидерландтық және шетелдік көрермендер саны 3,6 млн адамға дейін жеткен. Бағдарламаның мақсаты - жергілікті көрермендерді көпсериалы географиялық реалити-шоу арқылы беймәлім елдермен таныстыру. Жоба қатысушылары - Нидерландының танымал актер, атақты спортшылары мен жазушылары.

ҚР Нидерландтағы Елшілігі мен Алматы қ. әкімшілігі қолдауымен, 2017 жылы маусым айында «Көртышқанның» 2018 жылғы бірінші бөлімі Алматыда түсірілді. Сценарий бойынша, голландиялық квестке қатысушылар Алматының әйгілі жерлеріне жасырылған келесі қалаға жіберетін билеттерді табулары тиіс. Кейіпкерлер Тұңғыш Президент, 28 Панфиловшылар саябақтарын және қала тұрғындарының басқа да сүйікті демалыс орындарын аралады. Голландтық қоюшылар Тянь-Шанның көркем табиғатын түсіруге стандартты құралдармен қоса, заманауи дрон мүмкіншіліктерін де пайдаланды. Жалпы айтқанда, оңтүстік астана қойылымда Орталық азияның жетекші қаржылық, туристік және мәдени орталығы ретінде сипатталған.

Голландтық продюсерлердің пікірінше, «Көртышқан» жобасы көрермендердің бағдарламада көрсетілетін елдерге қызығушылығын арттыра түспек. Ірі голандтық туроператорлардың деректеріне сай, бағдарламаның жаңа маусымының көрсетілімінен кейін, тележобадағы жаңа елдерге әуебилеттеріне сұраныс күшейе түседі, демек ол елдерде Бенилюкстің туристері де ұлғайады.

Жоба шығарылымын келесі сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=JA16h9osAlE

Қосылған : 31.01.2018, 18:45, Өзгертілген : 31.01.2018, 18:50