Қазақстан аймақтары Нидерландымен ынтымақтастықты белсендіруде

2017 ж. 8-10 қарашада «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» Бірлескен басқару комитетінің 45-ші отырысына қатысу мақсатында Батыс Қазақстан облысының делегациясы Нидерландқа сапарын жасады. Кезекті отырыстың ұйымдастырушысы «Royal Dutch Shell plc» Нидерланд-британ концерні болды. Қазақстан делегациясын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Игорь Стексов басқарды.

Сапардың негізгі іс-шарасына қосымша, ҚР Нидерландтағы Елшілігі БҚО делегациясының голландтық логистика, теңіз құрылысы, су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы саласындағы істейтін бір қатар компанияларына сапарларын ұйымдастырды.

Атап айтқанда, БҚО өкілдері «StaayFoodGroup» компаниясының Дронтен қаласындағы зауыт жұмысымен таныс болды. «StaayFoodGroup» компаниясы жаңа әзірленген азық-түлік өнімдерінің өндірісімен айналысады. Компания өсімдік өсіруде өте тиімді «Philips» жарық диодты шамдар саласындағы соңғы әзірлемелерді қолдана отырып, жергілікті климаттық жағдайлардан тәуелді емес, пестицидтерді пайдалануды болдырмайтын және су тұтынуын 90% - ға азайтатын «вертикалдық фермерлік шаруашылық» жүйесін қолдануда. Дронтен қаласындағы зауыт ірі еуропалық супермаркеттері үшін дайын салаттардың өндірісіне мамандандырылған,оның жылдық айналымы 120 миллион еуродан асады.

Бұрғылау және теңіз құрылысы бойынша әлемдегі жетекші мердігер болып табылатын және 50-ден астам елдерде жұмыс істейтін «Van Oord» компаниясына сапар өте мазмұнды болды. Компания Каспийдегі қазақстандық секторында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды. 2014 жылдан бастап «Van Oord» Солтүстік Каспийдің Прорва кен орнындағы ұзындығы 71 км болатын кеме жүзетін канал құрылысына қатысуда.

«Van Oord»-тың қатысуымен БҚО өкілдері еуропадағы ең ірі логистикалық хаб – Роттердам Портының жұмысымен таныстырылды. «Еуропаға қақпа» болып табылатын Роттердам порты жыл сайын 450 млн. тоннадан аса жүк қабылдайды.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Амстердам әкімшілігінің су тазалау объектілерінің бірінде болды. Witteveen + Bos, Cabot Norit компанияларының Делфт қаласының Технологиялық университетімен бірлесіп шығарылған сүзгі (ресми атауы 1-STEP®) 2012 жылдан бері ағынды суларды тазартуға және Амстердамның бір ауданының 120 мың тұрғынына ауыз сумен қамтамасыз ету үшін табысты қолданылады. Бірегей энерготиімді және үнемді сүзгі түйіршіктелген белсендірілген көмір негізінде жұмыс істейді, салмақтанған қатты заттардың, азоттың, фосфордың және басқа да микро ластаушы заттардың барлығын жақсы жояды.

Сапар барысында БҚО делегациясы голландтық компаниялармен тиімді келіссөздер өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары мен ықтимал жолдарын талқылады.

Қосылған : 17.11.2017, 10:35, Өзгертілген : 17.11.2017, 10:35