Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды

2018 жылғы 16-18 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды.

АҚШ Президенті Дональд Трамппен екіжақты келіссөздер барысында екі ел арасындағы саяси қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Екі мемлекеттің басшылары «C5+1» диалогы сияқты өңірлік ынтымақтастық форматтарын пайдалану арқылы Орталық Азиядағы ортақ сын-қатерлерге төтеп беруге дайын екендіктері туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, болашақта Ауғанстанның «C5+1» жобаларына қатысуын да құптады.

Екі ел көшбасшылары заң үстемдігі мен адам құқықтарын сақтай отырып, зорлық-зомбылық экстремизмі мен халықаралық терроризмге қарсы тұру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге әзір екендіктерін білдірді.

Мемлекет басшысы американдық бизнестің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, нәтижесінде әуе және ғарыштық зерттеулер, мұнай-химиялық және агроөнеркәсіптік саласында, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту саласындағы жобалар бойынша 7 млрд. АҚШ долл. көлемінде 20 келісімге қол қойылды.

Қосылған : 26.01.2018, 15:30, Өзгертілген : 26.01.2018, 15:55