ҚР ұлттық төлқұжатын рәсімдеу ережелері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫН РӘСІМДЕУ ТУРАЛЫ

2016 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 583 бұйрығымен бекітілген Ережелер негізінде ҚР шетелдік мекемелерінде келесі ҚР азаматтар ұлттық төлқұжаттарын рәсімдеуге құқылы:

1.ҚР-нан тыс тұрақты тұратын ҚР азаматтары (яғни ҚР-ның құқық қорғау органдарынан НК-не тұрақты

тұруға рәсімделген тиісті рұқсат);

2.Шетелдегі жоғары оқу орындарында білім алу мақсатымен келген ҚР азаматтары;

3.Бір жылға дейін шет елде еңбек келісім-шарты негізінде қызметін атқарып жүрген ҚР азаматтары және олардың отбасы мүшелері.

НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІНЕ ОТБАСЫ МҰШЕЛЕРІМЕН ТҰРАҚТЫ ТҰРУ, БІЛІМ АЛУ, КЕЛІСІМ-ШАРТ НЕГІЗІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МАҚСАТЫМЕН КЕЛГЕН АЗАМАТТАРҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

НК-не тұрақты тұру, білім алу, келісім-шарт негізінде қызмет ету мақсатымен келіп тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматына Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжатын (паспортын) рәсімдеу үшін келесі құжаттардың 2 (екі) данасын ұсыну қажет:

1. Қазақстан Республикасының азаматының төлқұжатының көшірмесі;

2. Өтініш берушінің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3. Некеге тұру куәлігінің көшірмесі, егер бірнеше некеде тіркелген жағдайда некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі;

4. 16 жасқа дейінгі балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5. НК тұрғылықты тұруға кеткені туралы ҚР ІІМ-нің анықтама, білім алып жатқан жоғары оқу мекемесінен анықтама, қызмет етіп жатқан мекемесінің анықтамасы (аталған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып куәландыруға жатады);

5. Қазақстаннан мекен-жайдан кету парағы;

6. Тіркеу немесе тұруға ықтияр хат (аталған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып куәландыруға жатады);

7. НК-нің азаматтығын қабылдамағаны туралы НК-нің құзыретті мемлекеттік мекемелердің анықтамасы (аталған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып куәландыруға жатады);

8. 3,5х4,5 фотосурет – 4 дана. Суреттер соңғы кезде түсірілген болу керек, тура алдынан, жарық фонда, күлкісіз түсірілген, суреттегі бейнеңіз 75%-тен кем болмау керек, сондай-ақ басыңыздың үсті мен суретіңіздің екі жанында ақ жиек қалдырылуы керек.

9. ҚР ұлттық төлқұжаты рәсімдеу бойынша өтініш

10. Аталған мемлекеттік қызмет үшін төленген 35 евро мөлшердегі Елшіліктің есеп шотына:

THE EMBASSY OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN:

ACCOUNT NR: 54.65.49.152

BIC/SWIFT CODE: ABNANL2A

IBAN: NL67ABNA0546549152

BANK: ABN AMBRO N.V.

ADDRESS: Nieuwe Parklaan 69,

2597 LB DEN HAAG, THE NETHERLANDS аударылған Консулдық алым түбіртегінің түпнұсқасы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Төлқұжатты жоғалтқан жағдайда, ішкі істер органынан құжатты жоғалтқаны туралы анықтама алып келу қажет.

16 жасқа толуына орай, төлқұжатты бірінші рет алушы азаматтарға қосымша келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- ҚР азаматы болып келетін бір ата-анасының төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі;

- Ата-анасының біреуінен тануы туралы хаттама.

- Ата-анасының біреуінен паспорттын берілуіне өтініш (өтініш ата-анасынан).

Азаматтың жаңа паспорт алу туралы өтініші Қазақстанға жіберіледі.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу – күнтізбелік 80 (сексен) күн, ал қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.


Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысының талаптарына сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

Қосылған : 17.04.2017, 10:40, Өзгертілген : 4.02.2019, 10:00