Төлқұжатты жоғалуына байланысты Қазақстан Республикасына оралу туралы куәлікті рәсімдеу

Нидерланд Корольдігіне уақытша сапарымен келген және сапар барысында төлқұжатын жоғалтып немесе ұрлатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары, НК ҚР Елшілігінің консулдық бөліміне ҚР -на оралу куәлігін рәсімдеу үшін өтініш білдіруге құқылы.

Куәлікті талап ету үшін өтініш білдіруші келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1.Еркін нысанда өтініш – 1 дана;

2.Талап ету туралы сауалнама - 1 дана;

3.Жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқасы немесе көшірмесі;

4.Төлқұжаттарды жоғалғандығы/ұрлатып алғандығы туралы құқық қорғау органдарына шағымданғандығы туралы дәлелді құжат;

5.3,5х4,5 – 2 дана фотосурет;

6.Аталған мемлекеттік қызмет үшін төленген 10 евро мөлшердегі Елшіліктің есеп шотына:

  • THE EMBASSY OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN:
  • ACCOUNT NR: 54.65.49.152
  • BIC/SWIFT CODE: ABNANL2A
  • IBAN: NL67ABNA0546549152
  • BANK: ABN AMBRO N.V.
  • ADDRESS: Badhuisweg 91,
  • 2587 CE, DEN HAAG, THE NETHERLANDS аударылған Консулдық алым түбіртегінің түпнұсқасы.

Консулдық бөлім талап етуші тұлғадан қосымша құжаттарды талап ету мүмкіндігі бойынша құқығын қалдырады.

Қосылған : 2.05.2017, 18:50, Өзгертілген : 2.05.2017, 18:55