Елшілік туралы

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 10 қыркүйек 1992 жылы орнатылған. 2002 жылы Нидерланд Корольгінде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 17 маусымда 2003 жылы Амстердам қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы белгіленген. 18 ақпанда 2005 жылы Амтердамдағы Бас консулдық дипломатиялық миссиясының қайта өзгертілді. Ал 1 қаңтарда 2007 жылы дипломатиялық миссиясынан Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі болып қайта құрылды.

Елшілік Қазақстан мен Нидерланд арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық ықпал етеді. Сонымен қатар, бірлескен экономикалық, мәдени және гуманитарлық жобаларды дамыту үшін Қазақстан Республикасының әлеуетті серіктестермен байланыс жасауға келетін барлық мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін қажетті қолдау көрсетеді.

Біздің сайтта сіздер екіжақты қарым-қатынастарды реттейтін барлық жаңалықтары мен оқиғалары жайлы, сондай-ақ виза беру тәртібі туралы, паспорт тіркеу, құжаттама талаптары және басқа да консулдық қызметтері туралы негізгі ақпаратты таба аласыз.

Біздің сайт Қазақстан туралы қажетті және түсінікті ақпарат алуғыңызға көмектеседі деп үміттенеміз.

Сізге ыңғайлы болу үшін біз сіз үшін пайдалы болуы мүмкін басқа веб-сайттарға сілтемелер тізімін ұсынамыз.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 8.11.2016, 15:47