Нотариалдық сұрақтар

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің консулдық бөлімімен

атқарылатын нотариалдық іс әрекеттер туралы

АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдегі N 155-1 «Нотариат туралы» Заңның 36 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

  • Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады;
  • мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
  • ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
  • құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
  • құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
  • құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырады;
  • азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
  • азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
  • құжаттар берiлген уақытты куәландырады;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;
  • ақшаны депозитке қабылдайды;
  • сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
  • теңiз наразылықтарын жасайды;
  • дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

Жоғарыда аталған нотариалдық іс әрекеттер бойынша алдын ала консулдық бөліміне кездесуге жазылуыңыз қажет, сонымен қатар, тиісті өтініш және төлқұжатыңыз бен бірге Елшіліктің есеп шотына:

  • THE EMBASSY OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN:
  • ACCOUNT NR: 54.65.49.152
  • BIC/SWIFT CODE: ABNANL2A
  • IBAN: NL67ABNA0546549152
  • BANK: ABN AMBRO N.V.
  • ADDRESS: Badhuisweg 91,
  • 2587 CE, DEN HAAG, THE NETHERLANDS консулдық алым төленген тапсырылуы тиіс

Консулдық бөлім талап етуші тұлғадан қосымша құжаттарды талап ету мүмкіндігі бойынша құқығын қалдырады.

Қосылған : 2.05.2017, 18:35, Өзгертілген : 4.02.2019, 10:00