Нидерланд Қазақстанда МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылуын жоғары бағалады

Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25-жылдығының қарсаңында, 31 тамызда Гаага қаласында ҚР Елшісі Мағжан Ілиясов Нидерланд Корольдігі Премьер-Министрінің сыртқы саясат және қорғаныс бойынша кеңесшісі Дэвид ван Вилмен кездесуі өтті.

М. Ілиясов голландтық тарапын 29 тамызда Қазақстанда МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылуы туралы ақпарат жеткізді және ашылған ТБУ Банкі тек бейбіт атомға ғана арналатынын атап өтті. Отандық Елшісі сұхбаттасты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында іс-шара барысында жарияланған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитін өткізу туралы бастамасымен таныстырды.

Өз кезегінде, Д. ван Вил «ТБУ Банкінің ашылуы Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге недәуір үлес екендігін, ал Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитінің өткізілуі халықаралық қауіпсіздігін нығайтуына өте өзекті», деп атап өтті. Сонымен қатар, сұхбаттаушы 2014 жылы Гаага қаласында жоғары деңгейдегі ұқсас іс-шараның өткізілуін айрықша баса айтты.

2018 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің аясындағы қарым-қатынас мүмкіншіліктері туралы байымды ой-пікірлермен алмасты. Атап айтқанда, тараптар ү.ж. қазан-қараша кезеңінде БҰҰ ҚК-нің аясында Қазақстанмен ынтымақтастық сұрақтарын талқылау үшін Астанаға голландтық «task force» сапарының маңыздығын атап өтті.

Сұхбат соңында конструктивтік саяси диалогті қолдау мақсатында және сауда-экономаикалық, мәдени мен гуманитарлық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту үшін жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды жалғастыру қажеттігіне ерекше көңіл аударды.

Қосылған : 4.09.2017, 18:30, Өзгертілген : 4.09.2017, 18:35