Нидерландта өткен фотокөрмеде «Arman Qala» жаңа қызғалдақ сұрыбы таныстырылды

Гаага, 2018 жылғы 27 маусым - Астананың 20-жылдығы қарсаңында, Қазақстанның Тұнғыш Президенті Қорының қолдауымен Нидерландта «Зерттелмеген Қазақстан» фотокөрмесі өтті. Көрмеде Қазақстанның әр түпкірінің сұлу табиғаты мен ландшафты фотосуреттерінің бірегей топтамасы ұсынылды. Топтаманың арнайы бөлімі жас Астананың елорда болып қалыптасу тарихына арналды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, көрмені ұйымдастыру барысы тосын жаңалыққа айналып, Қазақстанның алуан түрлі табиғатын мен даласын жаңаша бағалап, еліміздің бас қаласының өзіндік мінезі мен көңіл-күйін суретке таңбалауға мүмкіншілік берді.

Көрме қонақтары – Парламент депутаттары, Үкімет, дипломатиялық корпус, Нидерланд іскерлік қауымдастық өкілдері Астананың әлемдік дипломатия мен бітімгерлік және заманауи технологиялар мен жаңашылдықтың орталығы ретіндегі белсенді рөлін атап өтті. Астанада өткен маңызды шаралардың арасында Азиядағыөзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммиттері мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту негізіне айналған Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аталып өтті. Іскерлік қауымдастық өкілдері бірегей жоба - Астана халықаралық қаржы орталығының құрылуының жаңа технологияларды дамытуда және жаңа қаржы көздерін дамытуда орасан зор маңыздылығын айрықша атап өтті.

Танымал қазақстандық «Роксонаки» этно-рок тобымен орындалған дәстүрлі қазақ күйлері құпиялы көне түрік әуендерінің әлемімен бірлесіп, мереке қонақтары үшін ерекше ахуалды жасауға қолғабыс етті.

Кештің басты оқиғасы «Arman Qala» атты қызғалдақтың тұсау кесер рәсімі болды. Аталған қызғалдақ баданасының мың данасы Астананың 20-жылдық мерейтойына орай Нидерланд Корольдігінің атынан сый ретінде бас қаламызға жіберілді. «Arman Qala» қызғалдақтың ерекше сұрыбыекі түсті боялған және оңтүстік елордамыздың климаттық ерекшеліктеріне орай өсірілген.

Іс-шара барысында Қазақстан және оның Астанасы туралы фото сүреттерінің ахуалына сүйеніп, сондай-ақ елімізді өз көзімен көруге, оның теңдессіз табиғатын және көрікті жерлерін тамашалауға ниет білдірген кештің қонақтары үшін «Kazachstan Reizen» туристік компаниясы саяхат және экскурсияның бірнеше түрлерін кеңінен ұсынды.

Қосылған : 28.06.2018, 09:15, Өзгертілген : 28.06.2018, 09:15