Астана қаласы «80 Day Race» әлемдік жарыстың қарсалатын қалаларының бірі саналатын болады

2017 жылғы 12 қыркүйекте Нидерландтағы ҚР Елшісі Мағжан Ілиясовтың, 80 күн ішінде бүкіл әлем бойынша ралли («80 Day Race») жобасының негізін салушыларының бірі Фрэнк Мандерспен кездесуі өтті.
Ралли 2019 жылы өтеді және «National Geographic Channel» телеарнасымен кеңінен көрсетілетін болады. Жер шарын айналатын жарыс әлемдегі белгілі автомобильдік компаниялар құраған командалардың және жаңғырмалы энергияны қолданатын автокөліктердің қатысуымен өтетін болады. Қазіргі таңда қазақстандық «AllurGroup», «JAC» маркасының автомобильдерімен өз тобының қатысу мүмкіншіліктерін қарастыруда.

ҚР Елшісінің Фрэнк Мандерспен кездесуі оның жақындағы Астанаға жасаған сапарының қорытындыларын талқылауға қатысты болды. Аталған сапар барысында «80 Day Race» және «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС арасында Астананың әлемдік жарысты қарсалатын тоғыз қалаларының бірі ретінде қатысуы туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың келесі кезеңі ретінде Қазақстанның басқаласында қатысушыларды күту бойынша барлық ұйымдық-техникалық шараларын қамтитын іскерлік келісімшартқа қол қою жоспарлануда.

Кездесуді қорытындылай, Фрэнк Мандерс, раллиды Қазақстан аумағы арқылы өткізу идеясын қолдап, жылжытқаны үшін Нидерландтағы Қазақстан Елшілігіне және Астана қаласы Әкімшілігінің басшылығына ерекше алғысын білдірді. Сонымен қатар, қазіргі таңда жоба шеңберінде ынтымақтастыққа

ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Назарбаев Университеті» басшылықтары қызығушылық көрсетіп отырғанын хабарлады.

Қосылған : 13.09.2017, 12:10, Өзгертілген : 13.09.2017, 12:10