Консулдық тіркеу


АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi Қазақстан Республикасының келесi санаттағы азаматтарын есепке алуды жүзеге асырады:

1) Консулдық округ аймағында тұрақты тұрып жатқандарды;
2) Консулдық округ аймағына уақытша келгендердi.

Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
2) болу елiнiң заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау болып табылады.


Тұрақты консулдық есепке тұру үшін Қазақстан Республикасының Гаага қаласындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. Еркін нысандағы өтініш;
2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

3. «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысына сәйкес ресімделген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығу рұқсатының көшірмесі

4. толтырылған Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу карточкасы (3х4 сантиметр бір түсті фотосуретімен).

Уақытша консулдық есепке тұру үшін Қазақстан Республикасының Гаага қаласындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. Еркін нысандағы өтініш;
2. Мөлшері 3х4 сантиметр бір түсті фотосурет;
3. Жеке басты куәландыратын төл құжат (түпнұсқа және көшірме);
4. Толтырылған Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу карточкасы (3х4 сантиметр бір түсті фотосуретімен).

НК-не уақытша сапармен келетін азаматтарға қоса берілген тіркеу карточкасын толтырыңыз және consul.hague@mfa.kz электронды адреске жіберіңіз.

Қосылған : 16.04.2017, 23:05, Өзгертілген : 4.02.2019, 10:00