Қазақстанның ағымдағы сыртқысаяси және экономикалық басымдықтары Гаагада өткен «Kazakhstan: Diplomatic Meet&Greet» іс-шарасы аясында жылжытылды

Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 25 жыл толуы қарсаңында, сондай-ақ Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуына мерейлік жыл аясында 2 маусымда Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі «Diplomat Magazine» журналының қолдауымен «Қазақстан дипломатиясы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға Нидерландтың Сыртқы істер министрлігі мен мемлекеттік органдар өкілдері, халықаралық ұйымдар жетекшілері, дипломатиялық миссиялар басшылары, ғылыми-сарапшылар мен іскерлік қауым өкілдерінен тұратын жүзге жуық адам қатысты.

Іс-шара Қазақстанның сыртқысаяси және экономикалық мүдделіктерін ілгерілетуге, жүзеге асудағы өзекті модернизациялық үдерістер мен реформаларды түсіндіру жұмысына арналды. Аталмыш алаң жуырдағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуын насихаттауда, ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясындағы басымдықтары мен әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудағы Астананың рөлін жылжытуда қолайлы болып табылады.

Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Мағжан Ілиясов шетелдік әріптестердің назарын Қазақстандағы индустриалды-инновациялық модернизация, инвестициялық және бизнес климатты одан әрі жақсарту бойынша қабылданған іс-әрекеттер экономикалық ынтымақтастықты өрбітуге қолайлы мүмкіндік ашып отырғанына аударды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстанның туризм саласындағы әлеуетін ашатын интерактивті презентация,Қазақстан туралы ақпараттық-имидждік материалдар ұсынылды.

Қосылған : 7.06.2017, 12:00, Өзгертілген : 7.06.2017, 12:05