Қазақстандық студенттер Нидерландта Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады

16 қазанда Елшілікте Нидерландағы қазақстандық студенттерінің активімен Қазақстанның Президенті НұрсұлтанНазарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын және «Туған жер» жобасын түсіндіру мен ілгерілету мақсатында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында елшілік қызметкерлері, мақалада ескертілген бастамалар мемлекеттің жанжақты дамуына арналған Елбасының стратегиялық зерттемелерінің жалғасы деп көрсетті.

Одан әрі кездесу қатысушыларына ұлттық сана, тілді дамыту мен халықаралық қатынастарды нығайтуға қатысты бірқатар сұрақтарға толық жауап беретін деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстандағы жалпы ұлттық отансүйгіштікті тәрбиелеуге арналған «Туған жер» атты жоба басталғаны ескертілді.

Сұлтан Бақыт, Делфт технологиялық университетінің бірінші курс студенті «латын әліпбиін қабылдауы бізге, қазақстандық жастарға, әлемдік стандарттарға сәйкес оқулықтар арқылы оқуға мүмкіндік береді. Біз Елбасының мақаласында көрсетілген әлемнің 100 үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару мақсатының орындалуын ерекше жігермен күтудеміз. Елшілікке осындай іс-шара ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіре, Қазақстан алдына қойған мақсаттарға жете беруін тілейміз», - деп атап өтті.

Қосылған : 17.10.2017, 12:05, Өзгертілген : 17.10.2017, 12:05