Құжаттарды талап ету

Құжаттарды талап ету

ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНАН ҚҰЖАТТАРДЫ ТАЛАП ЕТУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік және азаматтығы жоқ шетелде тұратын тұлғалар Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне өтініш жасай алады.

Талап ету жөніндегі жеке тұлғалардың мынадай өтініштері қанағаттандырылмайды:

• Азаматтық хал актілерінің тіркеу туралы қайталама куәліктері, егер олар арызданушыға емес, басқа тұлғаларға рәсімделсе;

• Егер неке бұзылған болса, неке қию туралы куәлік (тиісті анықтама берілуі мүмкін);

• Қайтыс болғандардың туу туралы куәліктері.

Сонымен қатар, әскери билеттердің және қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етуге жатпайды.

Шет елден және Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету үшін арызданушы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • 1.Еркін нысанда өтініш – 4 дана;
  • 2.Талап ету туралы сауалнама - 4 дана;
  • 3.Талап етілетін құжаттың көшірмесі (егер болса) - 4 дана;
  • 4.Жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі – 4 дана;
  • 5.Аталған мемлекеттік қызмет үшін төленген 25 евро мөлшердегі Елшіліктің есеп шотына:

THE EMBASSY OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN:

ACCOUNT NR: 54.65.49.152

BIC/SWIFT CODE: ABNANL2A

IBAN: NL67ABNA0546549152

BANK: ABN AMBRO N.V.

ADDRESS: Badhuisweg 91,

2587 CE, DEN HAAG, THE NETHERLANDS аударылған Консулдық алым түбіртегінің түпнұсқасы.

Ескертпе: Төлем ақы әр талап етілетін құжатқа бөлек төленеді.

Құжаттарды талап ету мерзімі 3 айдан 6 айға дейін құрайды.

Консулдық бөлім талап етуші тұлғадан қосымша құжаттарды талап ету мүмкіндігі бойынша құқығын қалдырады.

Қосылған : 16.04.2017, 23:40, Өзгертілген : 4.02.2019, 10:00