Ұлы Жеңіс күнінде Амерсфорттың бұрынғы Нидерландтық әскери лагерінде атылған совет жауынгерлеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

9 мамыр. Амерсфорт. Ұлы Жеңіс күнінде бұрынғы әскери лагері Амерсфорттың жанында «Кеңес Даңқ алаңы» қоғамдық қорының қолдауымен Нидерландтағы Екінші Дүниежүзілік соғыста қаза болған кеңес жауынгерлеріне гүл қою рәсімі өтті.

Дәстүр бойынша салтанатты рәсім осы соғыстың құрбандарын еске алуға арналған үнсіздікпен ашылды.

Қордың өкілдері атап өткендей, бүгінде оларда әскери лагерь аумағында атылған тоғыз қазақстандық жауынгер туралы ақпарат бар, алайда жерленгендердің көбісі жоғалып кету тізімінде, себебі олардың сәйкестігі белгіленбеген.

Іс-шараға Армения, АҚШ, Беларусь, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Франция дипломатиялық миссияларының өкілдері, сондай-ақ Нидерландтық Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан жағынан Амерсфортқа жергілікті қазақстандықтар қауымдастығынан белсенді азаматтар қатысып, олар үшін аталмыш шара келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін қаза болған кеңестік жауынгерлерге құрмет білдіруге бағытталған дәстүр іспетті өтті. «Кеңестік даңқ алаңы» қорының хатшысы, журналист, қоғамдық қайраткері Ремко Рейдингтың айтуынша, - «Бірнеше жыл қатарынан Қор күшімен қаза болған кеңестік жауынгерлер туралы естеліктер жинап, бұның тарихи маңыздылығына баса көңіл бөліп, бұрынғы кеңестік республикалардың Екінші дүниежүзілік соғыста құрбан болған азаматтары туралы ақпарат жинауға тырыстық. Бұған қоса, біз құрбан болған азаматтардың жеке тұлғасын анықтауға күш салдық, бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының бұл жойқын соғыстағы жеңіс үшін төлеген зор бағасын ешкім де ешқашан да ұмытпауы тиіс».

Қосылған : 9.05.2018, 15:45, Өзгертілген : 9.05.2018, 15:45