Бақытжан Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның атқарушы директоры Бен Ван Берден басшылығымен «Роял Датч Шелл» өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері мен «Шелл» компаниясымен Қазақстанның мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама: «Шелл» нидерланды-британ энергетикалық концерні 1997 жылғы 18 қарашада қол қойылған, Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім (СК ӨБК) қатысушыларының бірі. СК ӨБК бойынша келісімшарттық аумақта мына кен орындары орналасқан: Қашаған, Қаламқас–теңіз, Ақтоты, Қайран және Оңтүстік-Батыс Қашаған. primeminister.kz сілтеме

Қосылған : 17.11.2017, 12:55, Өзгертілген : 17.11.2017, 12:55