Құжаттарды апостильдеу

Құжаттарды апостильдеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕДОМСТВАЛАРЫМЕН БЕРІЛГЕН ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬ МӨРІМЕН РӘСІМДЕУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енген, шетелдің ресми құжаттарын заңдастыру талабын жоятын Конвенцияға (бұдан әрі — Конвенция) (Гаага қаласы, 1961 жылғы 5 қазан) қатысушы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда құжаттарды заңдастыру талап етілмейді. Конвенцияның 3 және 5-баптарының талаптарына сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттерде (оның ішінде Нидерланд Корольдігінде) ресми құжаттарды дипломатиялық немесе консулдық заңдастырудың орнына, лауазымды адамдардың қолдарының, құжаттағы мөрлер мен мөр таңбалардың төлнұсқалылығын растау үшін осы құжат жасалған мемлекеттегі (Қазақстан Республикасында) құзыретті органдары апостиль қояды.

Қазақстан Республикасының құжаттарында “APOSTILLE" мөр таңбасын рәсімдеу үшін талап етуші тұлға Елшіліктің консулдық бөліміне келесі құжаттарды ұсыну тиіс:

  • 1.Консулдық бөлімінің атына жазылған Өтініш
  • 2. Сауалнама - 3 дана;
  • 3.«Апостиль» мөрі басылатын құжаттың тұпнұсқасы және оның көшірмесі - 3 дана;;
  • 4. Жеке басын растайтын құжаттың (паспорт) көшірмесі 3 дана;
  • 5.Аталған мемлекеттік қызмет үшін төленген 30 евро мөлшердегі Елшіліктің есеп шотына:

THE EMBASSY OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN:

ACCOUNT NR: 54.65.49.152

BIC/SWIFT CODE: ABNANL2A

IBAN: NL67ABNA0546549152

BANK: ABN AMBRO N.V.

ADDRESS: Nieuwe Parklaan 69,

2597 LB DEN HAAG, THE NETHERLANDS аударылған Консулдық алым түбіртегінің түпнұсқасы..

Ескертпе: Төлем ақы әр талап етілетін құжатқа бөлек төленеді.

Құжаттарды рәсімдеу мерзімі 3 айдан 6 айға дейін құрайды.

Консулдық бөлім талап етуші тұлғадан қосымша құжаттарды талап ету мүмкіндігі бойынша құқығын қалдырады.

Қосылған : 17.04.2017, 00:05, Өзгертілген : 4.02.2019, 10:00