Қазақстан мен Нидерланд іскерлік әріптестікті нығайтуда

29 маусымда Нидерландтағы ҚР Елшілігінің дипломаттары Голландтық халықаралық бизнес кеңесімен (Dutch Council for International Business, DCIB) ұйымдастырылған семинарға қатысты. DCIB – Нидерландтың шағын және орта бизнесін біріктіріп, мүддесіне өкілдік етуші, сондай-ақ отандық компанияларды халықаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік туғызушы кеңес болып табылады.

Іс-шара мақсаты DCIB-дің ТМД елдерінің инвестициялық агенттіктерімен және бизнес-бірлестікткрімен ынтымақтастықты орнату болды. Іс-шараға Ресей, Беларусия, Румыния, Армения, Болгария, Латвия дипломаттары мен инвестициялық агенттіктер өкілдері қатысты.

ҚР Елшілігінің шақыруы бойынша, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Жоба бөлімінің басқарушы директоры Данияр Нұрмағанбетов та семинарға қатысты. Семинар нәтижелері бойынша тараптар «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен DCIB арасындағы одан арғы ынтымақтастық жолдарын белгіледі.

Семинардан кейін ҚР Елшілігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілі Д.Нұрмағанбетовтың «IKEA» компаниясының Халықаралық сату департаментінің Менеджері Э.Турабазпен кездесуін ұйымдастырды. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың болашағы мен мүмкін тетіктерін талқылады.

Қосылған : 3.07.2017, 15:40, Өзгертілген : 3.07.2017, 15:40