Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым

ДМҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі және жер атмосферасынын мінез-құлқы туралы ақпараттың, сонымен қатар оның мұхиттармен өзара іс-қимылы, климаттың қалыптасуы және нәтижесінде су ресурстарының пайда болуының беделді көзі болып табылады.

ДМҰ 189 мүше мемлекеттер мен аумақтардан тұрады. Қазақстан Республикасы 1993 жылдың 13 сәуiрiнде Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның конвенцияны ратификациялады. Бұл Қазгидрометтің (ҚР Энергетика министрлігі жанында) экономика мен халыққа қызмет көрсету үшін, шетелдік гидрометеорологиялық қызметтермен халықаралық ғылыми және ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың дамуына әкелді.

ДМҰ Бас хатшысы Дүниежүзілік метеорологиялық съезінде сайланады. 2015 жылы төрт жылдық мерзімге Финляндия өкілі Петтери Таалас (Petteri Taalas) сайланды.

Қазақстан Республикасы өзінің аумақтық юрисдикциясы бойынша II Аймақтық бірлестігі (Азия) және VI Өңірлік қауымдастыққа (Europe) кіреді.

Қазақстан Республикасы міндеттемелеріне сәйкес, Ұлттық метеорологиялық бақылаулар желісінің жұмысын қаптамасыз етіп, сондай-ақ деректермен жаһандық алмасуына қатысады. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет Дүниежүзілік метеорологиялық орталық (Мәскеу) және өңірлік метеорологиялық орталықпен (Ташкент) тікелей телефон байланыс арналары бар. Сыртқы байланыс механизмі сандық ауа райы болжау және спутниктік ақпарат бойынша халықаралық деректерді алу үшін қамтамасыз етеді. Бұл байланыс жүйесі Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның жаһандық телекоммуникациялық жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Қазгидромет ДМҰ мүшелері арасындағы халықаралық ақпарат алмасу үшін 65 ауа райы станциялары мен 8 аэрологиялық станциялар деректерді тасымалдайды және басқа да елдердің деректерін алуға рұқсаты бар.

Қазгидромет заңнамалық және нормативтік құжаттарды қамтитын соңғы жарияланған ДМҰ басылымдарын үнемі алып тұрады, атап айтқанда: кодтар бойынша ақпарат, оған сәйкес, гидрометеорологиялық ақпарат кодталады және декодталады, метеорологиялық бақылаулар мен оларды қайта өңдеу үшін нұсқаулар мен талаптар.

ДМҰ есебінен«Қазгидромет» сарапшылары Түркия, Израиль, Үндістан, Ресей, Қытай және басқа да елдердің аймақтық оқу орталықтарында әр түрлі халықаралық курстарына қатысады.

Қосылған : 29.03.2017, 17:00, Өзгертілген : 29.03.2017, 17:00