Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) БҰҰ – ның мамандандырылған кеңсесі болып табылады.

1967 жылғы ДЗМҰ құру туралы Конвенциясы күшіне енгенінен 1970 жылдан бастап ДЗМҰ кұрылған.

ДЗМҰ – ның мүшел мемлекеттер бағыт стратегиясын белгілеп, ұйымының қызметын, программа және бюджетін бекітеді.

Директивалық органы: ДЗМҰ –ның Бас Ассамблеясы; ДЗМҰ –ның Конференциясы; ДЗМҰ –ның Үйлестіруші комитеті.

Қазақстан Республикасы негізгі халықаралық зияткерлік меншік шартарына қол қойып ДЗМҰ құрамына 1993 жылда қабылданды. Қазақстан Республикасы келісі шаттарға қосылған: Халықаралық таңбалар тіркеу Мадрид Шартқа Протокол (2010 ж. 27 мамыр), Олимпиадалық символды қорғау Найробалық Шарт (2010 ж. 9 қараша), Патентік құқықтық Шарт (2010 ж. 2 мамыр).

2012 жылғы 17 ақпанда «Орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» және Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде «Тауар таңбалары заңдары туралы Сингапур шартын ратификациялау жөніндегі» Заңдар күшіне енді.

2001 жылда Қазақстан Республикасы Үкіметі және ДЗМҰ – ның арасындағы екі жақты келісім программасына қол қойылғын.

2012 жылғы 23-24 мамыр аралығында V Астаналық экономикалық форумның шегінде ДЗМҰ Бас директоры Ф. Гарри Президент пен және Премьер-Министр мен екі жақты кездесулер өткізді.

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi ДЗМҰ – ның ынтымақтастық үшін ҚР жауапты мемлекеттік органы болып табылады.

2015 жылғы қазан-желтоқсан аралығында Тұрақты өкілдік Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ елдері аймақтық тобының үйлестірушісі ретінде жұмыс істеді.

Қосылған : 17.03.2017, 15:45, Өзгертілген : 17.03.2017, 15:45