Дүниежүзілік экономикалық форум

Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ), Давос форумы (Davos Summit) атымен де белгілі – штаб-пәтері Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) орналасып, ірі халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады.

ДЭФ негізін қалаушы профессор Клаус Мартин Шваб, ол 1971 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұйымның Төрағасы болып табылады.

Жыл сайынғы ДЭФ форумы дәстүрлі түрде Швейцарияның Давос тау шаңғы курортында өтеді. Сонымен қатар, ДЭФ әртүрлі елдерде жыл сайын өңірлік және ұлттық саммиттер өткізеді.

ДЭФ-тің басты мақсаты экономикалық даму және әлеуметтік прогресс мәселелерін шешуде әлемдік қоғамдастыққа жәрдемдесу арқылы әлемнің жаһандық жағдайын жақсартуды жария ету. Осы мақсата форум жаһандық дамудың басты проблемаларын талқылау және шешу үшін іскер, саяси, зияткерлік және әлемдік қоғамның басқа да көшбасшылары арасындағы әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

Қазақстанның ДЭФ-пен ынтымақтастығын жандандырудың негізгі серпіні ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы мамырда Шарм-эль-Шейхте (Египет) Таяу Шығыс бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуына мүмкіндік берді, соның барысында ДЭФ Төрағасы К.Швабпен екі жақты кездесу өтті.

Қазіргі уақытта әлемнің 1000-нан астам ірі компаниясы ДЭФ мүшесі болып табылады. ДЭФ Жарғысына сәйкес әлем елдерінің үкіметтері осы ұйымға мүше бола алмауда.

ДЭФ Хатшылығы ҚР стратегиялық ұлттық компанияларымен әріптестік туралы келісімдер жасасуға мүдделі екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ДЭФ-тің стратегиялық әріптесі болып, «Бәйтерек» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» ДЭФ-тің институционалдық мүшелері болып табылады.

ДЭФ жыл сайын «Бәсекеге қаблеттліктің жаһандық индексі» (Global Competitiveness Report) баяндамасын жариялайды, онда барлық мемлекеттер жаһандық экономика шеңберінде өздерінің бәсекеге қабілеттілік дәрежелеріне сәйкес сұрыпталады. 2016-2017 жылдардағы Баяндамаға сәйкес, Қазақстан 138 елдің арасында 53-орынды иеленді.

ДЭФ мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті және тиімді шешімдер іздестіруді талап ететін жаһандық проблемаларды шешу мақсатында көшбасшылар мен сарапшылар кездесулерін ұйымдастырудың тұғырнамасы ретінде жүйелі бастамалар әзірледі. Әрбір бастама бизнестен, үкіметтен, азаматтық қоғамнан және халықаралық ұйымдардан тәжірибе мен ресурстарды жұмылдыратын жобалар мен іс-шаралардың жұмыс органдарынан тұрады. Қазіргі кезде ДЭФ 14 әртүрлі бастамада шоғырланған.

Қазақстан Республикасы атынан ҚР Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов ДЭФ-тің «Болашақ өндірісті қалыптастыру» бастамасы Кеңесінің мүшесі болуға шақыру алды. Бастама өнеркәсіпке қатысты құрылымдық экономикалық қайта жаңғыруларды түсіну үшін, сондай-ақ еңбек саласындағы сауда, инвестициялар және саясат мәселелерін талқылау үшін бірегей жаһандық тұғырнаманы ұсынады.

ҚР мен ДЭФ ДЭФ-тің мұнайгаз қоғамдастығының «Қазақстанның адами капиталы» бастамасын іске асыруға белсенді түрде өзара іс-қимыл жасауда, оның мақсаты мұнай және газ саласының инженерлерін оқыту үшін оқу бағдарламасын әзірлеу және енгізу болып табылады. Бағдарлама Қазақстан сияқты шет елдерде де мұнай және газ өнеркәсібінде жұмыс істеу үшін білікті жергілікті кандидаттар санын кеңейту есебінен өнеркәсіптегі жұмыссыздықты қысқартуға бағытталған. Пилоттық жобаның нәтижесінде осыған ұқсас оқу бағдарламасын енгізу жоспары жасалады және басқа елдерде де осы практиканы қолдану мақсатында осы бағдарламаның озық жақтары анықталатын болады.

Қосылған : 31.03.2017, 17:35, Өзгертілген : 31.03.2017, 17:35