Женевада «Equus: Жылқы тарихы» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті

ЖЕНЕВА, 2019 ж. 6 мамырЖенева қаласындағы БҰҰ бөлімшесінің «Қазақстан» залында, Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен, «Equus: Жылқы тарихы» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

Фильмді деректі лентаның тең продюсері Нұрбол Баймұхановтың бастамасымен «The Great Steppe Project» халықаралық автосайыс қатысушылары ұсынды. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдармасын және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде аталған жоба Еуропаның 26 мемлекеті бойынша Түркістан қаласынан басталды. Автосайыстың басты мақсаты ежелгі Ұлы даланың тарихын, қазақ елінің мәдениеті мен салт–дәстүрлерін популизациялау, еліміздің туристік және инвестициялық потенциалын алға жылжыту болып табылады.

Лента Канада және Қазақстан продюсерлері ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады. Фильм канадалық режиссер және антрополог Найоби Томпсон мен қазақстандық тең продюсер, зерттеуші Н.Баймұхановтың басшылығымен түсірілді.

Деректі фильмде солтүстік Қазақстандағы «Ботай» елді мекенінде өткен археологиялық қазбалардың егжей–тегжейі жаңғыртылған, олар өз кезегінде алғашқы жылқыны қол үйретуі қазақ даласында болғандығын растайды.Кинолентада ата–бабаларымыздың адамзаттың қалыптасуына қосқан маңызды тарихи үлесі, жаңа этогенездің және тілдер топтарының пайда болуы жөнінде көрсетілген.

Көрініс аудитория тарапынан зор қызығушылық тудырып, жарқын әсер қалдырды. Фильмнің көрсетіліміне Женева қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, БҰҰ бөлімшесі және халықаралық ұйымның қызметкерлері, сондай–ақ Швейцарияда тұрып жатқан Қазақстан азаматтары қатысты.

Қосылған : 6.05.2019, 19:25, Өзгертілген : 6.05.2019, 19:25