Азия аймағындағы Су конвенциясының тараптарының бірінші отырысы Астанада өтеді

2018 жылғы 27 сәуірде Женева қаласында 2018 жылдың 10-12 қазанында Астанада өтетін трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенциясы (Су конвенциясы) Тараптары кеңесінің сегізінші сессиясына дайындық мақсатында дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.
Қазақстанның Женевадағы Тұрақты өкілдігі БҰҰ-ның Еуропа үшін экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК) бірлесе отыра ұйымдастырған брифинг барысында Қазақстанның Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова 2019-2021 жылдарға Қазақстанның төрағалығымен Астанадағы өтуі жоспарланған бұл іс-шара Су Конвенциясы Тараптарының Орталық Азиядағы бірінші кездесуі болады деп мәлімдеді.
Трансшекаралық су ынтымақтастығында бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Тұрақты өкіл трансшекаралық суларды пайдаланатын елдерге су саясатының жаһандық қауіп-қатерлерін және Су Конвенциясының мақсаттары мен қағидаттарын алға жылжытуда одан әрі іс-қимылдарды талқылау үшін Астанадағы Су Конвенциясы Тараптарының Кеңесінің сегізінші сессиясына белсенді қатысуға шақырды.
Қазақстандық дипломат «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев судың жетіспеушілік мәселесі ХХІ ғасырдың он жаһандық проблемаларының бірі болып табылатынын атағанына назар аударды.
Қазақстан Су Конвенциясына 2000 жылдың 23 қазанында қосылды. Қазақстандық су ресурстарының 45 пайызы көрші елдерден келетінін ескере отырып, біздің еліміз үшін трансшекаралық ынтымақтастық су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды және кешенді, интеграцияланған және стратегиялық тәсілді қажет етеді.
Қазақстандық дипломаттың айтуынша, климаттың өзгеруі және оның су ресурстарына әсері су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылып, су Конвенциясының болашақ төрағалығының басымдықтарының біріне жатады.
Қорытындылай келе, Тұрақты өкіл Ж. Айтжанова Женевадағы дипломатиялық өкілдерге 2017 жылы Астанада Халықаралық су ресурстарын бағалау орталығының ашылғанын хабардар етіп, оның қызметі Су Конвенциясына, су проблемалары бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстанның Су Конвенциясындағы төрағалығына қолдау көрсететіндігіне назар аударды.

Іс-шара барысында БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысының орынбасары Андрей Васильев және Су Конвенциясы атқарушы хатшысы Франческа Бернардини сөз сөйлеп, Қазақстанның Су Конвенциясы төрағалығын үш жылдық мерзімге бекітілуін, Астанадағы Су Конвенциясы Тараптарының Кеңестің сегізінші сессиясын өткізу туралы бастамаларын құптап, Қазақстанда Халықаралық су ресурстарын бағалау орталығының ашылғанына ризашылығын білдірді.Шара барысында БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысының орынбасары А.Васильев және Су Конвенциясы Атқарушы хатшысы Ф. Бернардини сөз сөйлеп, Қазақстанның Су Конвенциясы төрағалығын үш жылдық мерзімге бекітілуін, Астанадағы Су Конвенциясы Тараптарының Кеңестің сегізінші сессиясын өткізу туралы бастамаларын құптап, Қазақстанда Халықаралық су ресурстарын бағалау орталығының ашылғанына ризашылығын білдірді.

Қосылған : 27.04.2018, 20:15, Өзгертілген : 27.04.2018, 20:15