АЭФ аясында ДСҰ реформалау мәселелері талқыланды

2019 ж. 16 мамырда XII Астана экономикалық форумы алаңында Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен "көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған өзекті жүйелік сын-қатерлер: шешудің ықтимал жолдары және жаңа шындыққа бейімделу"тақырыбында сессия өтқізілді.

Көпжақты сауда жүйесі бүгін әлемдік нарықта тауарлар импортын шектейтін протекционистік шаралардың бұрын-соңды болмаған өсуі аясында бір жақты сауда шектеулері мен қарсы әрекеттер түріндегі теңдессіз сын-қатерлерге тап болды.

Сессия барысында қатысушылар үш негізгі бағыт бойынша ДСҰ-ның жұмысын жақсарту туралы пікір алмасты: сауда саясатының мониторингі; дауларды шешу; сауда ережелерінің әлемдік экономиканың ағымдағы болмысына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ДСҰ-ның жаңа ережелерін әзірлеу.

Панельдік сессияға сауда саясаты саласындағы сарапшылар қатысты – Джуничи Ихара, Елші, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Жапонияның Тұрақты өкілі, Дэвид Уолкер, Елші, ДСҰ жанындағы Жаңа Зеландияның Тұрақты өкілі, Виктор Ду Праду, ДСҰ Сауда келіссөздері комитетінің директоры, Люк Девин, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің Еуропа және Орталық Азия бойынша басқарушы директорының орынбасары, РФ Экономикалық даму министрлігінің сауда келіссөздері департаментінің директоры Екатерина Майорова, Марк Линскотт, Атлант Кеңесінің Оңтүстік Азия орталығының аға ғылыми қызметкері,, Берн университетінің Құқық мектебінің еуропалық және Халықаралық экономикалық құқық Институтының директоры, сондай-ақ ДСҰ экономика, сауда және құқық саласындағы белгілі бірқатар халықаралық сарапшылар.

Панельдік сессия барысында Ұлттық экономика Вице-министрі Мәдина Жүнісбекова Қазақстан ДСҰ-ны реформалау идеясын қатты қолдайтынын, сондай-ақ реформалар ДСҰ-ның барлық мүшелері үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс екеніне сенімдігін атап өтті. Бұл ретте Қазақстан Республикасы жаңа бастамаларды, атап айтқанда электрондық коммерция, қызметтерді ішкі реттеу және инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі бастамаларды ілгерілетуге белсенді қатысады.

Қорытындылай келе, Қазақстан 2020 жылдың маусымында Нұр-Сұлтанда өтетін ДСҰ-ның алдағы Министрлік конференциясы мүше елдер тарапынан ДСҰ-ға деген сенімді нығайтуға, ұйымның өзектілігін сақтауға және көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған барлық ағымдағы жүйелі шақыруларды шешуге жәрдемдесетініне сенім білдірді.

Қосылған : 17.05.2019, 11:10, Өзгертілген : 17.05.2019, 11:10