БҰҰ Еуропа үшін экономикалық комиссиясы

БҰҰ Еуропа үшін экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) БҰҰ-ның бес аймақтық комиссияларының бірі болып табылады. Еуропалық аймағында және оның шегінен тысқары экономикалық байланыстарды нығайту және экономикалық қызметті дамыту мақсатымен БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесімен (ЭӘК) 1947 жылы құрылған.

БҰҰ ЕЭК-тің 56 мүшесі бар. 1994 жылы 31 қаңтарда Қазақстан БҰҰ ЕЭК-тің мүшесі болды.

БҰҰ ЕЭК жүйелі түрде екі жылдың ішінде бір сессиясын өткізеді. Осы сессиялардың барысында Комиссия алдағы жылдарға өз қызметі туралы шешімдермен ұсыныстар қабылдайды және оларды жоғарыда тұрған органға (ЭӘК) жолдайды.

БҰҰ ЕЭК-те жеті секторалдық комитеттер бар: Экология саясаты бойынша комитет, Ішкі көлік бойынша комитет, Тұрақты энергетика бойынша комитет, Сауда және стандарттар бойынша комитет, Ормандар және ағаш өнеркәсібі бойынша комитеті, Экономикалық ынтымақтастық және интеграция бойынша комитеті, сондай-ақ Еуропалық статистика конференциясы.

БҰҰ ЕЭК Хатшылығын Атқарушы хатшы басқарады. 2014 жылы шілде айында бұл лауазымға Кристиан Фриис Бах (Christian Friis BACH) тағайындалды.

ЕЭК Еуропадағы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға өз күшін шоғырландырады. Көлік, қоршаған ортаны қорғау, статистика, энергетика, сауда, экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны салаларында, сондай-ақ техникалық көмек саласындағы көптеген БҰҰ ЕЭК шаралары аймақтың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Мүше мемлекеттер арасындағы пікір алмасуды жеңілдету және өзара қызметін үйлестіру мақсатында конвенцияларды, нормалар мен стандарттарды өндеу үшін БҰҰ ЕЭК үкімет үшін аймақтық форум ретінде қызмет етеді.

БҰҰ ЕЭК әзірлеген ережелер мен конвенцияларды қолдануға күш-жігерін қолдауға бағытталған өтпелі эконоиикалық елдеріне техникалық көмек көрсетіледі. Осының арқасында ЕЭК-тің мүше-мемлекеттерінің сараптама, статистикалық және нормашығармашылық қызметінің нәтижелерін пайдалануға мүмкіндігі бар.

Бұдан басқа, БҰҰ ЕЭК және Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен (ЭСКАТО) бірге БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасын (СПЕКА) жетекшілік етеді.

Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК арасындағы ынтымақтастық энергетика, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын тиімді пайдалану, көлік және сауданы қамтиды.

Қазақстанның мемлекеттік органдардың, ғылыми және әлеуметтік мекемелерінің өкілдері Женевада БҰҰ ЕЭК-тің түрлі кездесулерінде, кеңестерінде, конференцияларында, сондай-ақ мүше мемлекеттердің басқа қалаларында белсенді қатысады. БҰҰ ЕЭК басшылығы үнемі Астана экономикалық форумында, сондай-ақ Қазақстанда өтетін басқа да іс-шараларға қатысады.

ЕЭК аймағының елдері туралы экономикалық, технологиялық және статистикалық ақпаратты жинау, бағалау және тарату бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде елдік шолуларды жүргізу ынтымақтастықтың маңызды бөлігі болып табылады. 2000 жылдардан бастап ЕЭК хатшылығымен бірлесе отырып экологиялық қызметінің нәтижелігі бойынша (2000, 2008 жж.), энергия тиімділігін қаржыландыру және климаттың өзгеруі салдарын жұмсарту бойынша (2005 ж.), экономикалық саясатта гендерлік сұрақтарын ескеру бойынша (2008 ж.), инновация қызметі бойынша (2012), сауда реттеуші және процедуралық кедергілері бойынша (2013), жаңартылатын энергия жағдайы бойынша (2015) шолулар дайындалды.

Биыл тұрғын үй және жер ресурстарын басқару, жаңартылатын энергетика, сондай-ақ инновациялық туралы бірқатар елдік шолулар өткізілуде.

2017 жылы «Болашақ энергиясы» атты Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің шеңберінде Қазақстанның Үкіметі, ЕЭК және басқа да БҰҰ аймақтық комиссияларымен бірге 11-14 маусымда Министрлік конференцияны және Сегізінші тұрақты даму мақсатынла энергетика бойынша халықаралық форумын өткізуде.

Министрлік конференциясының шеңберінде Астанадағы БҰҰ аясында Жасыл технологияларды және инвестицияларды дамыту бойынша халықаралық орталығының ашылуы жарияланады.

Бұдан басқа, 2017 жылы ЕЭК-пен Қазақстан Үкіметі арасындағы Су ресурстарын бағалау жөніндегі халықаралық орталықтың ашу бойынша Өзара түсіністік меморандумына қол қою рәсімі жоспарлануда.

2015 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасы екі жылдық мерзімге БҰҰ ЕЭК-тің және Атқарушы комитетінің төрағасы ретінде сайланды.

2017 жылы ақпанда Женевада жұмыс сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Атқарушы хатшысы Кристиан Фриис Бахпен екіжақты кездесуі өнімді ынтымақтастықтың куәсі болды.

Кездесуінің барысында тараптар Қазақстан төрағалығының қорытындыларын және де су, энергетика, ғылыми және инновациялық салаларын екіжақты дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда Қазақстанда ИТ-стартаптар халықаралық технопаркын құру туралы техникалық көмек көрсету туралы келісімге келді.

Кездесудің нәтижесі бойынша Кристиан Фриис Бах Қазақстан Республикасы мен БҰҰ ЕЭК арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Қосылған : 30.03.2017, 09:25, Өзгертілген : 30.03.2017, 09:25