БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы

1964 жылы тұрақты үкіметаралық орган ретінде құрылған БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы (United Nations Conference on Trade and Development, ЮНКТАД) Бас Ассамблеяның сауда және даму саласындағы мәселелерібойынша шешуші ұйымы болып табылады және даму проблемалары, сондай-ақ саудаға, қаржыға, технологияларға, инвестицияларға және тұрақты дамуға байланысты мәселелер бойынша БҰҰ жүйесіндегі үйлестіруші орталықтың рөлін атқарады.

ЮНКТАД-ның басты мақсаты дамушы елдерді, барынша аз дамыған елдерді (АДЕ) өтпеліден әлемдік экономикаға өтуші елдерге біріктіруден, сауда және инвестициялар арқылы оларды дамытуға жәрдемдесуден тұрады. Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін ЮНКТАД саясатты зерттейді және талдайды, үкіметаралық кеңестер өткізеді, техникалық көмек көрсетеді және азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік сектордың өзара іс-қимылын жүзеге асырады.

2013 жылғы қыркүйектен бастап ЮНКТАД Бас Хатшысы ДокторМухиса Китуйи (Кения) болып табылады.

ЮНКТАД-ке 194 елмүше болып табылады.

Қазақстан Республикасы 1992 жылдан бастап БҰҰ құрамына қабылданды және автоматты түрде БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясына мүше болды (ЮНКТАД). 2008 жылы Қазақстан төрт жылда бір рeт өткізілетін министрлік конференциялары арасындағы кезеңде ЮНКТАД-тың негізгі атқарушы органы болып табылатын Сауда және даму жөніндегі кеңестің (СДК) құрамына кірді. 2008 жылы Қазақстан, сондай-ақ,«D» тобына мүше болды, оның құрамына экономикасы өтпелі елдер кіреді.

Техникалық ынтымақтастықтың шеңберінде Қазақстан мен ЮНКТАД мынадай жобаларды жүзеге асырады:

1. ҚР-дың Мемлекеттік кірістер комитетімен бірігіп ҚР аумағында ЮНКТАД сарапшылары әзірлеген Кедендік басқарудың ақпараттық жүйесінің (АСИКУДА) жекелеген модульдерін енгізу жұмысы жүргізілуде.

2. ҚР Қаржы министрлігімен бірге жақсартуды талап ететін салаларды анықтау мақсатында ҚР қаржы жүйесіне (бухгалтерлік есептілік және аудит саласы) бағалау жүргізу қызметтерін көрсету жөнінде келісім жасалды.

3. ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясымен бірлесіп ДСҰ-ның Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімінің ережелерін іске асыру шеңберінде Қазақстанның қажеттіліктерін бағалау жобасы іске асырылды.

Осы жобаны сәтті іске асыру 2016 жылы Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымын жақсартуға ықпал етті.

Бұдан басқа,ЮНКТАД Қазақстанға монополияға қарсы заңнама мен тәжірибені жетілдіруде бағалы көмек көрсетті. ҚР мен ЮНКТАД арасында осы салада сәтті ынтымақтастық жасасу ЕАЭО деңгейінде қолдау табуда.

Қазақстан ЮНКТАД Хатшылығы өткізетін іс-шараларға белсене қатысады және ЮНКТАД пен экономикасы өтпелі елдер мен дамушы елдер арасында ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседі. Қазақстан теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының (ТШЖЖДЕ) белсенді қатысушысы болып табылады және осы елдер мүдделерінің ЮНКТАД құжаттарында көрсетілуіне ықпал етеді.

СДК Президентінің мәртебесін 2013 жылғы наурыздан бастап Елші, ҚР-дың Женевадағы тұрақты өкілі М.Тлеуберді атқарды. 2012 жылғы қыркүйектен бастап 2013 жылғы наурызға дейінгі кезеңде Қазақстанның Тұрақты өкілі СДК-нің вице-президенті болды.

Қазақстанның СДК төрағалығымен ЮНКТАД 2013 жылы ЮНКТАД 50 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын әзірледі.

ЮНКТАД өкілдері Астана экономикалық форумының жұмысына жыл сайын үнемі жоғары және сараптамалық деңгейде белсене қатысады.

2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қазақстан Үкіметі ЮНКТАД Траст қорына жыл сайын20 мың АҚШ доллары мөлшерінде ерікті жарнатүрінде донорлық көмек көрсетті, экономикасы өтпелі, дамып келе жатқан және барынша аз дамыған елдер өкілдерінің сарапшылар кеңестеріне қатысулары содан қаржыландырылады. 2014-2015 жылдары ерікті жарнаның сомасы 10 мың АҚШ долларын құрады.

Қосылған : 29.03.2017, 16:40, Өзгертілген : 29.03.2017, 16:40