Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова СПЕКА-ға қатысушы елдердің кездесуіне қатысты

2019 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Ж. Айтжанова Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы елдердің отырысына қатысты.

Іс-шараға СПЕКА-ға қатысушы елдердің елшілері, БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы О. Алгаерова, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК Хатшылығының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кездесуге қатысушылар СПЕКА жұмысының өзекті мәселелерін және оның перспективаларын, соның ішінде экономикалық форумға және 2019 жылдың қараша айында Ашхабадта өтетін СПЕКА Басқарушы кеңесінің 14-ші сессиясының отырысына дайындықты талқылады.

Қазақстанның Тұрақты Өкілі Ж. Айтжанова өз сөзінде Қазақстанның өткен жылы экономикалық форум мен СПЕКА Басқарушы кеңесінің 13-ші сессиясының отырыстарын табысты өткізгені туралы, сондай-ақ 2020 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтандағы ДСҰ 12-ші министрлік конференциясына дайындық барысы туралы қатысушыларды хабардар етті. Ол сондай-ақ Қазақстанның сауда және СПЕКА аясындағы сауда, су және энергетикалық ресурстар, көлік және транзит процедураларын жеңілдету мәселелері бойынша аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін атап өтті.


БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы (СПЕКА) Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен 1998 жылы Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту және өңірдің әлемдік экономикаға бірігуі мақсатында құрылған. СПЕКА-ға қатысушы елдер Әзірбайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан болып табылады.

Қосылған : 10.09.2019, 19:45, Өзгертілген : 10.09.2019, 19:45