БҰҰ-ның Женевалық алаңында ядролық қарудан бос аймақтар арасындағы ынтымақатстық бойынша талқылау өтті

2019 жылғы 2 қыркүйекте Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне орай Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде «Ядросыз әлемге жету үшін ядролық қарудан бос аймақтар арасындағы ынтымақтастық» тақырыбы бойынша панельдік талқылау өтті. Іс-шара Женевадағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімі жанындағы Тұрақты Өкілдігі және Базель бейбитшілік бюро мен Ядролық таратпау және қарусыздандыру бойынша парламентарийлермен бірге ұйымдастырылған.

Талқылау барысында қатысушылар бір минут үнсіздікпен ядролық сынақтардың барлық құрбандарын  еске алды. 1945 жылдан бастап әлемде 2000-нан аса ядролық сынақтар өткізілген, соның ішінде 450-ден астам - Қазақстан аумағында.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімі жанындағы Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова барлық ядролық қарудан азат аймақтар арасында тұрақты ынтымақтастық тетігін құру туралы Қазақстан бастамасының маңыздылығына ерекше көңіл аударды.

Бас баяндамашы ретінде сөз сөйлеп, БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валовая Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей сынақ полигонын жабуы бойынша шешімінің  жеке маңыздылығын және  данышпандығын белгіледі және  «ядролық қарудан бос аймақтар ядролық сынақтар тыйым салу және қарусыздандыру саласында жаһандық нормалар қадағалауын жәрдемдесуіне әлеуетті құрал болатындығына» ерекше көңіл аударды.

Базель бейбитшілік бюроның өкілі А.Вар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін Назарбаев сыйлығын АЭХА-ның бұрынғы Бас директоры Юкия Амано және Ядролық қаруға жалпыға бірдей тыйым салу шарты даярлау комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербоға жуырдағы табыстауына жоғары баға берді, сондай-ақ халықаралық ядроға қарсы бастамаларын әйгілеу үшін «АТОМ» жобаның маңыздығын баса айтқан.

БҰҰ Қарусыздандыру проблемалар зерттеу институтының өкілі П.Подвиг ү.ж. 28-29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша кездесудің бас қорытындыларымен бөліскен болатын.

Сөз сөйлеулердің қорытындылары бойынша  Ұлыбритания, Австралия, Монғолия, Мексика, Беларусь, Бразилия, Иран, Мысыр және Алжирдың Елшілері  мен жоғары қызметтегі дипломаттар, сондай-ақ Қауіпсіздік саясат бойынша Женевалық орталық қатысуымен  ядролық қарусыздандыру сын-тегеуріндері және келешегі жөнінде қызған пікірталас өтті.

Қосылған : 3.09.2019, 10:00, Өзгертілген : 3.09.2019, 10:00