Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

АТАМҚҰЛОВ БЕЙБІТ БӘКІРҰЛЫ

1964 жылы 19 мамырда дүниеге келген.

1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады.

2000 жылы Санкт-Петербург экономика және қаржы мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Өзінің еңбек жолын 1985 жылы А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы ретінде бастады.

1986-1991 жж. аралығында – Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары.

1991-1995 жж. – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарды; «Казметаллэкспорт» республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорынның «Черметэкспорт» бас маманы, директоры; «Қазақстан Сауда» сыртқы сауда компаниясы бас директорының бірінші орынбасары.

1995-1996 жж. – «Қарағанды металлургиялық комбинаты» МАҚ бас директорының бірінші орынбасары (Теміртау қ.).

1996-2006 жж. – Кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2006 -2007 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі (Мәскеу қ.).

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі (Тегеран қ.).

2008-2010 жж. – Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы (Германия).

2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы және Филиппин, Индонезия, Бруней-Даруссалам сұлтандығында қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі (Куала-Лумпур қ.).

2012.-2014 жж. – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 ж. тамыз - 2015 ж. тамыз – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015 ж. тамыз - 2016 ж. қазан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2016 ж. қазан - 2018 ж. желтоқсан – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

2018 жылдың 26 желтоқсанынан бастап - ҚР Сыртқы істер министрі.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Қосылған : 30.03.2017, 16:55, Өзгертілген : 30.03.2017, 16:55