Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы БҰҰ ЕЭК және ЮНЕП өзара ынтымақтастықты дамытып жатыр

ЖЕНЕВА, 2019 жылғы 30 сәуір - Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (ХЖТИЖО) басшысы Рәпіл Жошыбаевтың Женеваға іс-сапары шеңберінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның (БҰҰ ЕЭК) Атқарушы хатшысы Ольга Алгаерова және Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасының Еуропалық аумақтық бюро (ЮНЕП) директоры Бруно Поццимен екіжақты кездесулері өтті.

Р.Жошыбаев халықаралық ұйым басшыларына жасыл экономикаға көшуі, ұлттық жасыл экономика Концепциясын жүзеге асыруда ХЖТИЖО көмек көрсету, елдің экологиялық заңнамасын өзектілендіру процесіне қатысу және климатты өзгерту жөніндегі мемлекет қабылдаған халықаралық міндеттемелерді іске асыруға үлес қосу бойынша Қазақстанның қызметі туралы хабарлап, ХЖТИЖО-тың БҰҰ ЕЭК және ҚОЕАБ-мен өзара әрекеттесуінің бірқатар маңызды мәселелерін талқылады.

БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы О.Алгаеровамен кездесу барысында Р.Жошыбаев «Ғимараттардың энерго тиімділігін жоғарылату» атты БҰҰ ЕЭК ұсынған жобаны жүзеге асыруға, сонымен бірге ХЖТИЖО негізіндегі қоршаған ортаны қорғау және энергетика саласындағы басқа да мүмкін жобаларға қызығушылығын танытты.

Өз кезегінде, БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы ХЖТИЖО бірге мүмкін ынтақтастықтың бірнеше спектрін атап, екі ұйымның бұдан әрі қарай өзара әрекеттесуінің нығайуы мен ұлғаюына сенім артты.

О.Алгаерова ХЖТИЖО БҰҰ ЕЭК қатысуымен қалыптастырылған, Озық тәжірибе орталықтар желі (Network of Centers of Excellence) және Академиялық желі қатарына қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Озық тәжірибе орталықтар желісінің ұқсас орталықтары Нью-Йорк, Канада және Ирландияда бар, ал Академиялық желіге – Пенсильвания мемлекеттік университеті, Сингапур және Далянь университеттері жатады. БҰҰ ЕЭК басшысы Назарбаев Университетті Академиялық желіге қосуға ниет білдірді. БҰҰ ЕЭК көзқарасына сәйкес, ХЖТИЖО тұрақты қоршаған орта және жасыл экономика мәселелерін алға жылжыту мен өзара қарым-қатынасын нығайту үшін аталған желілерді байланыстырып тұратын буын болуы мүмкін. О.Алгаерованың ойынша, ХЖТИЖО осы жұмысқа қатысуы ұқсас орталықтар арасында тәжірибесімен алмасуды, халықаралық нормалар мен стандарттарды енгізуді және «жасыл» энергетика және экономика саласындағы жергілікті мамандарды дайындауды қамтамасыз етеді.

ЮНЕП Еуропалық аумақтық бюро директоры Б.Поццимен кездесу барысында Р.Жошыбаев ХЖТИЖО-тың Қазақстанның экологиялық ұйымдар Ассоциациясымен (ҚЭҰА) ынтымақтастығы туралы, сондай-ақ а.ж. 5маусымда "Jasyl Jol" және Форум "Экомост в будущее" электромобильдеріндегі автомарафон сияқты Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне арналған бірлескен іс-шараларды өткізу туралы хабарлады.

Б.Поцци Орталық Азия аумағында жасыл экономика және қоршаған орта мәселелері бойынша Қазақстанның белсенді рөлі жөнінде атап өтіп, ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономикаға көшу жөніндегі Кеңес құрамына ҚОЕАБ қосқандығына алғысын білдірді.

Қосылған : 1.05.2019, 11:50, Өзгертілген : 1.05.2019, 11:50