Қазақстан сауда жөніндегі СПЕКА жұмыс тобының отырысына қатысты

2019 жылғы 4 шілдеде Женевада СПЕКА-ның сауда жөніндегі тақырыптық жұмыс тобының он үшінші отырысы өтті. Іс-шараға СПЕКА-ға қатысушы елдердің жоғары деңгейдегі делегациялары, БҰҰ-ның түрлі мекемелері мен аймақтық комиссияларының және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында сауда рәсімдерін жеңілдетуге және аймақтағы сауданы дамытуға байланысты мәселелер; қазіргі тарифтік емес шаралар мен кедергілер; көпжақты сауда жүйесіне қатысуға байланысты қазіргі мүмкіндіктер мен қиындықтар талқыланды.

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты Өкілі, Елші Жанар Айтжанова қатысушыларды Қазақстанның халықаралық экономика мен саудаға интеграция ісіндегі жетістіктері туралы және Үкімет жүргізіп бизнес-климатты жақсарту жөніндегі жұмыстар туралы хабардар етті, атап айтқанда, Дүниежүзілік Банктің "Doing business 2019" рейтингісінің қорытындысы бойынша Қазақстан өткен жылғы нәтижелерді 8 тармаққа жақсартып, 28-ші орынға ие болғанын атап өтті. Сондай-ақ БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) бірлесіп АСТАНА-1 кедендік декларациялаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жобаны және "Қазақстан аумағында экспорттық-импорттық операциялар үшін бірыңғай терезе" жобасын іске асыру бойынша жұмыстар көрсетілді.

Тұрақты өкіл Айтжанова Қазақстанның ДСҰ-ға кіру тәжірибесімен бөлісіп, келіссөз процесінің күрделілігі мен бірегейлігін атап өтті. ДСҰ-ға кіруі қосылу үдерісінің өзі үшін жасалмауы тиіс, ең бастысы – елдегі экономикалық және сауда саясатын ырықтандыруға бағытталған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру екенін ерекше атап өтті.

Қосылған : 5.07.2019, 15:55, Өзгертілген : 5.07.2019, 15:55