Қазақстан халықаралық экономика мен саудаға интеграциялау тәжірибесімен бөлісті

ЖЕНЕВА, 2018 жылғы 12 шілде - Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығында ақпараттық сессия өтіп, оның барысында Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Жанар Айтжанова Қазақстанның халықаралық экономика мен саудадағы табыстары туралы хабардар етті. Бұл сессия Астана қаласының дамуы аясында және қаланың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Іс-шараға әртүрлі елдердің дипломатиялық корпусының жүз елуден астам өкілдері, соның ішінде шамамен 30 елші және ДСҰ тұрақты өкілдері қатысты.

Елші Ж. Айтжанова жиналғандарды Астана жоғары саяси деңгейде өтетін стратегиялық диалог өтетін жаһанды бейтарап алаң мәртебесін нығайтуға мүмкіндік берген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамалары туралы хабардар етті. Олардың ішінде Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Астана экономикалық форумы және Сирия тақырыбындағы келіссөздер сияқты тұрақты жобалар аталды.

Қатысушыларға Астананың дамуы мен жетістіктері туралы әңгімелейтін деректі фильм көрсетілді. Қазақстандық елші қала мен облыстың тарихы туралы баяндама жасады. Ол сессия қонақтарына Астананың экономикалық табыстары, инфрақұрылымы, түрлі халықаралық бастамалары, атап айтқанда, ЕҚЫҰ Саммиті, АХҚО ашылу салтанаты, Азиада қысқы ойындары сияқты ауқымды іс-шаралар туралы баяндады.

Шараға қатысушылар қазақстандық делегацияны ақпараттық сессияны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, халықаралық сахнада, көпжақты сауда жүйесіндегі қатысу аясында да Қазақстан мен Астананың жетістіктерін жоғары бағалады.

Қосылған : 13.07.2018, 16:00, Өзгертілген : 13.07.2018, 16:00